Спорт

Қазақстандық дүниежүзілік көшпенділер ойынында жарақаттанып қалды

© SputnikДүниежүзілік көшпенділер ойынына Қазақстаннан қатысушы жарақаттанып қалды
Дүниежүзілік көшпенділер ойынына Қазақстаннан қатысушы жарақаттанып қалды - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Шолпан-Атада (Қырғызстан) II Дүниежүзілік көшпенділер ойынына Қазақстаннан барған қатысушы жарақаттанып қалды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.
АСТАНА,  Sputnik. Шолпан-Атада (Қырғызстан) II Дүниежүзілік көшпенділер ойынына Қазақстаннан барған қатысушы жарақаттанып қалды деп хабарлайды Sputnik Қырғызстан.

Финалдық матч бейсенбіде, 8 қыркүйекте Қазақстан және Қырғызстан командаларының арасында болды.

Қазақстандық команданың мүшесі 31 жастағы Әбу Әбдіжапаров ойынның екінші минутынан кейін қарсыласымен соқтығысып, жерге құлап түсті. Оны ең аз дегенде бір аттың басып кеткені көрініп тұрды.

"Спортшының бас сүйегі ішінен және мойын омыртқасы аздап зақымданған. Қазір аурудың жағдайы бірқалыпты. Оған қажетті көмек көрсетілуде", — деп хабарлады Шолпан-Ата қалалық аумақтық ауруханасының директоры Альмира Алдашева.

Финалдық ойында Қырғызстан құрамасы 15:3 есебімен жеңіске жетті. Дүниежүзілік көшпенділер ойыны Қырғызстанда 3-8 қыркүйекте өтті.



Жаңалықтар
0