АСТАНА, 8 қыр — Sputnik. Кәрім Мәсімов Ұлттық қауіпсіздік комитетінің төрағасы болып тағайындалды, тиісті жарлыққа Қазақстан президенті бейсенбіде қол қойды.
"Кәрім Қажымқанұлы Мәсімов Қазақстан Республикасы Ұлттық қауіпсіздік комитетінің Төрағасы болып тағайындалсын, ол Қазақстан Республикасының Премьер-Министрі қызметінен босатылсын", — делінген жарлықтың мәтінінде.
Қазақстан Республикасының үкіметіне Қазақстан Республикасы Үкіметінің жаңа құрамы бекітілгенге дейін өз міндеттерін атқару тапсырылды.