Саясат

Қазақстанда 30 қазанда 10 өңірде мәслихат депутаттарының сайлауы өтеді

© Sputnik / Михаил Воскресенский / Медиабанкке өтуЗдание Центральной избирательной комиссии Казахстана в городе Астане
Здание Центральной избирательной комиссии Казахстана в городе Астане - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанда 30 қазанда 31 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді деп хабарлайды Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен.
АСТАНА, 8 қыр —  Sputnik. Қазақстанда 30 қазанда 31 сайлау округінде мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлау өтеді деп хабарлайды Қазақстанның орталық сайлау комиссиясының баспасөз қызметінен.

Мәслихаттардың шығып қалған депутаттарының орнына сайлауды облыстық сайлау комиссиялары тағайындайды.

Сайлау заңнамасына сай Қазақстан Республикасы Орталық сайлау комиссиясы осы сайлауды ұйымдастыру мен өткiзу кезiнде аумақтық сайлау комиссияларына әдiстемелiк басшылықты, сондай-ақ олардың қызметiнің сайлау туралы заңның талаптарына сәйкес келуін бақылауды жүзеге асырады.

Қазіргі сәтте барлық тартылған сайлау комиссиялары қажетті материалдық-техникалық және қаржылық ресурстармен қамтамасыз етілген және жұмыс істеуге дайын.

"Қазақстан Республикасындағы сайлау туралы" Конституциялық заңға сәйкес мәслихат депутаттығына кандидаттарды белгіленген тәртіпте тіркелген республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктер, сондай-ақ олардың құрылымдық бөлімшелері мен азаматтар — өзін-өзі ұсыну жолымен ұсынады.

Осылайша, 20 жасқа толған Қазақстан Республикасының азаматы мәслихат депутаты болып сайлана алады. Сот іс-әрекетке қабілетсіз деп таныған, сондай-ақ сот үкімімен бас бостандығынан айыру орындарында отырған азаматтар сайлау және сайлану құқығына ие бола алмайды.

Республикалық немесе жергілікті қоғамдық бірлестіктердің, олардың құрылымдық бөлімшелерінің мәслихат депутаттығына кандидаттар ұсынуын, әрбір кандидаттың дауысқа түсетін сайлау округін көрсете отырып, олардың жоғары органдары жүргізеді.Мәслихат депутаттығына кандидаттарды азаматтардың өзін-өзі тәртібімен ұсынуы тиісті округтік сайлау комиссиясына осы аумақтық сайлау округі бойынша мәслихат депутаттығына кандидат болып дауысқа түсу ниеті туралы өтініш беруі арқылы жасалады.
Жаңалықтар
0