АСТАНА, 7 қыр — Sputnik. Ресей құрамасы Қырғызстанда өтіп жатқан Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары аясындағы жарыстардың төрт күндік қорытындысымен алтын медальдар саны бойынша көш бастап тұр, деп хабарлады тілшілерге ұлттық спорт түрлері жөніндегі дирекция басшысы Алмазбек Қасенов.
Қазақтандық палуандар көшпенділер ойындарының барлық дерлік "алтынын" жеңіп алды Қырғызстанның Чолпон-Ата қаласында 3-8 қыркүйекте 62 елің спортшылары қатысқан ІІ Бүкіләлемдік көшпелілер ойындары өтуде.
Ойындар бағдарламасына ұлттық спорттың 25 түрі кірді.
"Екінші Бүкіләлемдік көшпенділер ойындары аясындағы жарыстардың төрт күндік қорытындысы бойынша ресейлік спортшылар он алтын, екі күміс, және екі қола медаль жеңіп алды. Қырғызстан қоржынында 33 медаль, олардың алтауы алтын, 12 күміс", — деді Қасенов.
Оның айтуынша, Қазақстан бес алтын медальмен үшінші орында келе жатыр.