Оқиға

Қызылорда облысында тікұшақ құлады

Жазылу
Қызылорда облысында сәрсенбіде МИ-8 тікұшағы құлады, қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды "ҚазТрансОйл" АҚ қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметінен.
АСТАНА, 7 қыр —  Sputnik. Қызылорда облысында сәрсенбіде МИ-8 тікұшағы құлады, қаза тапқандар жоқ, деп хабарлайды "ҚазТрансОйл" АҚ қоғаммен байланыс және ішкі коммуникациялар қызметінен.

ТЖ Астана уақытымен сағат 15:40-та болды. Қызылорда облысында бортында "ҚазТрансОйл" АҚ-ның Шығыс филиалы Жезқазған мұнай құбыры басқармасының қызметкерлері бар "Евро-Азия Эйр" авиакомпаниясының МИ-8 тікұшағы ұшу барысында апатқа ұшырады.

Алдын ала мәлімет бойынша, тікұшақтың бортында "ҚазТрансОй" АҚ-ның Шығыс филиалы Жезқазған мұнай құбыры басқармасының 19 қызметкері және экипаждың үш мүшесі болған.Оқиға салдарынан түрлі жарақат алған төрт қызметкер алғашқы медициналық жәрдем көрсетілгеннен кейін Қызылордаға ары қарайғы медициналық тексеруден өту үшін жіберілді. Қаза тапқандар жоқ. Оқиғаның себептері мен мән-жайы нақтылануда.
Жаңалықтар
0