Оқиға

Астанада көлік аударылып қалды, жаяу жүргінші төрт оқушы зардап шекті

© SputnikАстана жол талғамайтын көліктің қатысуымен болған ЖКО
Астана жол талғамайтын көліктің қатысуымен болған ЖКО - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Астана жол талғамайтын көліктің қатысуымен болған ЖКО-дан төрт оқушы зардап шекті деп хабарлайды Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.
АСТАНА, 7 қыр —  Sputnik. Астана жол талғамайтын көліктің қатысуымен болған ЖКО-дан төрт оқушы зардап шекті деп хабарлайды Астана қаласы денсаулық сақтау басқармасының баспасөз қызметінен.

Апат Иманова көшесінің бойында болды. "Жол-көлік оқиғасының салдарынан 2002 жылғы бір бала, 2007 жылғы екі бала мен 2005 жылғы бір бала зардап шекті.Үш баланың жағдайы орташа ауыр деп бағаланып отыр. 2002 жылғы баланың жағдайы ауыр. Ол жансақтау бөлімінде жатыр. Қазір оның жағдайы тұрақтануы үшін дәрігерлер барлық мүмкіндікті жасап жатыр",-делінген ведомствоның хабарламасында. Ауруханаға жеткізілген балалардың ішіне, көкірек қуысына, самайына зақым тиіп, милары шайқалған.

Астана ІІД мәліметінше, Асан Қайғы көшесімен келе жатқан "Lexus" автокөлігінің 36 жастағы жүргізушісі Иманова көшесінің қиылысында "Мерседес" көлігіне жол берместен өтуге ұмтылып, қақтығысқан болатын.Көлік соқтығысынан "Lexus" жүргізушісі рульді бұрып, кәмелетке толмаған жаяу жүргіншілерді басып, жол бойында тұрған "Лада" көлігін де түйіп өткен.

Бұдан соң, "Lexus" көлігі соққының қаттылығынан "ZAZ" маркалы көлігіне қарай аударылып, ол болса серпінмен тағы бір "Митцубиси" маркалы көлікті соққан.
Жаңалықтар
0