Қоғам

Қазақстан өлім жазасына мораторийді алып тастауды қарастырып жатқан жоқ

Жазылу
Қазақстанда қазіргі уақытта терроризм және экстремизммен байланысты қылмыстарға өлім жазасына мораторийді алып тастау қарастырылып жатқан жоқ деп мәлімдеді ҚР бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко.
АСТАНА, 7 қыр —  Sputnik. Қазақстанда қазіргі уақытта терроризм және экстремизммен байланысты қылмыстарға өлім жазасына мораторийді алып тастау қарастырылып жатқан жоқ деп мәлімдеді ҚР бас прокурорының орынбасары Андрей Кравченко.

Мәжіліс депутаттары сәрсенбіде жалпы отырыста "Терроризм және экстремизмге қарсы тұру мәселелері бойынша кейбір ҚР заңнамалық актілеріне өзгерістер мен толықтырулар енгізу туралы" заң жобасын жұмысқа алды. Заң жобасы терроризм және экстремизммен байланысты қылмыстарға жауапкершілікті қатаңдатуды қарастырады.

"Қазір жоқ", — деді Кравченко журналистердің заң жобасында бұндай қылмыстарға өлім жазасын алып тастау мүмкіндігі қарастырылып жатыр ма деген сауалына.


Жаңалықтар
0