АСТАНА, 7 қыр — Sputnik. Белгілі өндірушілердің сүт өнімдерінде бактериялар табылды деп хабарлайды еліміздің тұтынушылардың құқығын қорғау комитетінен.
Атап айтқанда, зертханалық бақылау нәтижелері бойынша тұтынушының денсаулығы үшін қауіпті алтын тәріздес стафилококк (Staphylococcus aureus) және ішек таяқшасы тобының бактериялары "Зенченко и К" сүт өнімдерінің (сүт, қаймақ, сары май) және "Кампина" ААҚ сүт өнімдерінің (пастерленген шабдалы шырынды "Хош" йогурт өнімі) үлгілерінен анықталды. ЖШБ "Промконсервы" ресейлік өндірушісінің "Қоюлатылған сүт" өнімінде микробтар санынын өте басым екендігі дәлелденді.
Ішкі нарықты жалған өнімдерден қорғау жөнінде кешенді шаралар қабылдау мақсатында техникалық регламенттердің бұзылу фактілері бойынша Комитет сауда кәсіпорындары субъектілеріне қатысты жоспардан тыс тексеру жұмыстарын, оның ішінде үйлеспейтін өнім үлгілерін сауда орындарынан алыну туралы тиісті іс-шаралар өткізілуде және 74 кг сәйкес келмейтін қауіпті сүт өнімдері жойылды. "Атамекен" Ұлттық кәсіпкерлер палатасына және өндірушілерге қауіпті өнімдер мен бұзушылықтарды жою тарапында бірлесе іс шаралар қолдану үшін хабарлама жолданылды.
Стафилококк адам ағзалары мен тіндердегі іріңді қабыну процестерін, ал ішек таяқшасы тамақ токсикоинфекцисын, оның ішінде асқазан — ішек жолдарының түрлі функцияларының бұзушылықтарын тудыруы мүмкіндігіне әкеледі.