Қоғам

Ресей Кейкі батырдың бассүйегін жақын арада Қазақстанға қайтарады

© SputnikПутешествие по Монголии
Путешествие по Монголии - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Санкт-Петербургтегі Кунсткамерада ондаған жылдар бойы сақталған Кейкі батырдың бассүйегі жуық арада Қазақстанға қайтарылады. Бұл туралы Мәскеуде ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әріптесі, Ресейдің мәдениет министрі Владимир Мединскиймен өткен кездесуде белгілі болды, деп хабарлайды "Хабар 24".

АСТАНА, 6 қыр — Sputnik.Санкт-Петербургтегі Кунсткамерада ондаған жылдар бойы сақталған Кейкі батырдың бассүйегі жуық арада Қазақстанға қайтарылады. Бұл туралы Мәскеуде ҚР мәдениет және спорт министрі Арыстанбек Мұхамедиұлы мен оның әріптесі, Ресейдің мәдениет министрі Владимир Мединскиймен өткен кездесуде белгілі болды, деп хабарлайды "Хабар 24".

Қазақстандық тарихшылар Ресейдің антропология және этнография (Кунсткамера) музейіндегі Кейкі батырдың бассүйегімен қоса онда оның кем дегенде жеті қанаттасынының бассүйегі бар екенін анықтады. Олар ол бассүйектерді Қазақстанған кейінірек қайтаруды жоспарлап отыр.

"Бассүйектердің қазақ ұлты мен Қазақстан тарихы үшін маңыздылығын ескере отырып, біз ғалымдарымызға тағы да осы бассүйектерді қайта қарап шығуды тапсырдық", — деді Мединский. Өз кезегінде ҚР мәдениет және спорт министрі екі апта ішінде бассүйектердің Қазақстанға қайтарылатынын мәлімдеді.

"Қазір венгр ғалымдарымен келіссөздер жүргізіліп жатыр. Ғалымдар бассүйек расында да Кейкі батырға тиесілі ме, жоқ па соны анықтау үшін ДНҚ сараптамаларын алып жатыр", — деді Арыстанбек Мұхамедиұлы.

Еске салайық, осыған дейін ҚР Үкіметінің басшысы Кәрім Мәсімов Ресей үкіметінің басшысы Дмитрий Медведевпен кездесуінде Кейкі батыр мен Кенесары ханның бассүйегін Қазақстанға қайтару туралы мәселені көтерген болатын.

Жаңалықтар
0