АСТАНА, 23 там – Sputnik. Астана қаласы №2 Есіл аудандық сотында айыпталушы Сейітқазы Матаев пен Әсет Матаевқа қатысты басты сот талқылауы басталды деп хабарлайды Sputnik тілшісі сот залынан.
Сейітқазы Матаев мемлекеттің көптеген миллион теңгесін жымқырды және Алматыдағы Ұлттық баспасөз-клубы ғимаратын заңсыз реконструкциялады деген ресми күдікке ілініп отыр.
Әсет Матаевқа мемлекеттік ақпараттық тапсырысты орындауда көптеген миллион теңгені жымқырды деген айып тағылып отыр.
Сейітқазы Матаев 24 ақпаннан бастап үйқамағында отыр. Әсет Матаев үйқамағына 28 науыздан бастап алдынды. Екеуі де өздеріне тағылған барлық айыптарды үзілді-кесілді мойындамайды. Сот процесі ашық режимде өтіп жатыр. Процесті жариялау үшін түрлі БАҚ өкілдері келді, оларға видеотрансляциясы бар арнайы зал ұйымдастырылған.
Алматы қаласы бойынша сыбайлас жемқорлыққа қарсы қызмет Матаевтың 2011-2015 жылдары Ақпараттандыру комитеті мен "Қазақтелеком" АҚ мемлекеттік саясатты ақпараттық ілгерілетге және баспа бетінде материалдарды орналастыруға бөлген 300 млн. теңгеден астам қаржыны ұрлау фактісін анықтағанын хабарлаған болатын.
Сонымен бірге Матаев 1,4 млрд. теңге таза пайда келтіре отырып, 327 млн. теңге көлеміндегі салықтарын төлемегені хабарланды.