Қоғам

Қазақстанда алғаш рет әйел заты әскери ұйымды басқарды

© Sputnik, Айсулу Абдрахманова, Солтан Жексенбековәскери қызметші әйел
әскери қызметші әйел - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бері алғаш рет офицер-әйел жергілікті әскери басқару органының бастығы болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

АСТАНА,  17 там – Sputnik. Қазақстан тәуелсіздікке қол жеткізген сәттен бері алғаш рет офицер-әйел жергілікті әскери басқару органының бастығы болды, деп хабарлады Қазақстан Республикасы қорғаныс министрлігінің баспасөз қызметі.

"Алматы қаласы Алатау ауданының қорғаныс істері жөніндегі басқармасының бастығы лауазымына подполковник Гаухар Сырлыбаева тағайындалды", — делінген хабарламада.

Ведомствоның мәліметінше, қазіргі таңда армияның қорғаныс қабілетін нығайтуға, әскери қызметтің беделін арттыруға 8 000-нан астам әскери қызметші қыз-келіншектер өз үлесін қосып келеді. Сондай-ақ, 880-нен аса қыз-келіншек офицерлік құрамда қызмет етеді, оның ішінде, 15-і полковник атағын алғандар, 41 – подколковник, 134 – майор және 690-нан астам қыздар кіші офицерлік құрамда қызмет атқаруда.

Әйелдер көп меңгерген медбике, байланысшы, іс жүргізуші мамандықтарынан басқа Қазақстан армиясында мерген, барлаушы, планшетші және басқа да кәсіптегі әйелдер қызмет атқарады.

Бұдан өзге, Қазақстанда 2017 жылы бірінші рет Армия халықаралық ойындарының бағдарламасына әскери қызметші қыз-келіншектер үшін арнайы көпайыс байқауы қосылатынын атап өткен жөн.

Жаңалықтар
0