Өңірлер

Сәрсенбі күні елімізде жауын-шашынсыз, кейбір аймақтарда ыстық ауа райы күтіледі

© Sputnik / Александр Кондратюк / Медиабанкке өтуЖаз. Мұрағаттық сурет
Жаз. Мұрағаттық сурет - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Қазақстанның басым бөлігінде, сәрсенбі 17 тамызда ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды.

АСТАНА,  17 там – Sputnik. Қазақстанның басым бөлігінде, сәрсенбі 17 тамызда ауа райы жауын-шашынсыз, тек республиканың солтүстігінде, батысында және оңтүстігінде атмосфералық фронтальды бөліктердің өтуіне байланысты өткінші жаңбыр жауады, найзағай ойнайды, деп хабарланады ҚР ІІМ ТЖК сайтында.

Кей жерлерде жел күшейеді, оңтүстікте шаңды дауыл байқалады. Республиканың солтүстігінің кей жерлерде тұман түседі.

Нақтырақ айтқанда, түнде Атырау облысында, күндіз Ақмола, Оңтүстік Қазақстан, Шығыс Қазақстан облыстарының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді.

Жамбыл облысында, күндіз Қызылорда облысының кей жерлерінде шаңды дауыл, жел 15-20 м/с күшейеді.

Солтүстік Қазақстан облысының кей жерлерінде жел 15-20 м/с күшейеді, түнде және таңертен тұман күтіледі.

Павлодар облысының кей жерлерінде тұман болады.

Жаңалықтар
0