АСТАНА, 11 там — Sputnik. Түркия президенті Режеп Ердоғанның Санкт-Петербургке сапары барысында Мәскеу мен Анкара күрділер мәселесін шешуде бір тоқтамға келмеді.
Ердоған екі ел арасындағы қарым-қатынастардағы шиеленістен кейін 9 тамызда алғаш рет Санкт-Петербург қаласында Ресей Федерациясының президенті Владимир Путинмен кездесті.
"Біз бұл туралы 9 күні өткен кездесуде әңгімелестік, болашақта да сөйлесетін боламыз. Бұл мәселеде Ресей мен Түркияның ұстанымдарында өзгешелік бар екендігін айта аламыз", — деді Түркияның Ресейдегі елшісі Умит Ярдым "Россия сегодня" халықаралық ақпараттық агенттігінде өткен баспасөз мәслихаты барысында.