Қоғам

Алматы полициясы 4 жасар Аружанның анасын іздестіруде

© ДВД АлматыДевочка Аружан потерялась
Девочка Аружан потерялась - Sputnik Қазақстан
Жазылу
Алматы көшелерінің бірінде төрт жасар қыз табылды, полиция оның анасын іздестіруде, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

АСТАНА, 11 там — Sputnik. Алматы көшелерінің бірінде төрт жасар қыз табылды,  полиция оның анасын іздестіруде, деп хабарлайды қалалық ішкі істер департаментінің баспасөз қызметі.

Ведомствоның мәліметінеше, Алматыда сағат 15:00-де Алматы қаласы ІІД Әкімшілік полициясы басқармасының мамандандырылған батальонының экипажы Жібек жолы көшесі мен Абылай хан даңғылының қиылысында жалғыз жүрген баланы байқап қалады.

"Қыз жылап жүргенімен өзіне назар аудартты. Оған барып, сөйлескеннен кейін, адасып жүргенін түсіндік. Ол анасы жақын дүкендердің біріне кіргенін айтты, бірақ нақты қай дүкен екенін айта алмады. Жанымдағы әріптесіммен жақын орналасқан бірнеше нысанды аралап шықтық. Бірақ әйелді таппадық. Қыздың айтуынша, оның есімі Аружан", — деді Алматы қаласы ІІД ӘПБ мамандандырылған батальонының аға инспекторы Жұма Сұлтан.

Қыздың айтуынша, анасының аты  Бота, баланың шамамен жасы төртте.

Тәртіп сақшысы қызды Алмалы ауданы ІІБ-ға жеткізді, баланың анасын іздеп жатыр.

Жаңалықтар
0