АСТАНА, 11 там — Sputnik. Қазақстан құрамасының жүзу бойынша мемлекттік бапкері Айдар Қартпаев қазақстандық Дмитрий Баландиннің Риода өтіп жатқан Олимпиада ойындарындағы жеңісін таңғажайып деп атап, мықты спортшыларды озып олимпиадалық "алтынды" қалай олжалағандықтарын айтып берді.
Жүзуші Дмитрий Баландин екі жүз метрлік қашықтықта кеудемен жүзуден Қазақстан үшін алғашқы алтын медалін қоржынымызға салды. Баландиннің жеңісі Қазақстанға екінші олимпиада "алтынын" әкелді.
Қартпаевтың айтуынша, Баландиннің жеңісі — бұл Қазақcтан тарихындағы елеулі оқиға, ал бүкіл дүниежүзілік жүзу үшін таңғажайып.
"Шын мәнінде сөзбен айтып жеткізе алмайтын сезім! Әлі өзімізге келе алмай жатырмыз! Осы уақытқа дейін, дайындық кезінде, сендік, үміттендік. Енді, бізде жүзуден олмпиадалық алтын медальдің барына сене алмай отырмыз. Ғажайып сезімдер мен эмоциялар!", — деді Қартпаев Қазақстан жаңалықтарына.