Әлем

БҰҰ басшысы Ауғанстанға көмектесуге шақырды

© AFP 2024 / NOORULLAH SHIRZADAЖенщины и дети сидят на полу в лагере для беженцев в провинции Кунар
Женщины и дети сидят на полу в лагере для беженцев в провинции Кунар - Sputnik Қазақстан, 1920, 27.01.2022
Жазылу
БҰҰ Бас хатшысы Ауғанстан тағдыры қыл үстінде тұрғанын айтты
НҰР-СҰЛТАН, 27 қаңтар — Sputnik. БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерриш халықаралық қауымдастықты ауғандарға көмектесуге шақырды. Оның айтуынша, оларға қол ұшын созбаса, осы өңір мен бүкіл әлем үлкен қиындыққа тап болады, деп хабарлады БҰҰ сайты.
"Ауғанстанды тәлібтер* басып алғаннан кейін алты ай өткен соң елдің тағдыры қыл үстінде тұр", - деді ол БҰҰ Қауіпсіздік кеңесінің отырысында.
БҰҰ Бас хатшысы осы жылы ауғандарға көмек көрсету үшін ұйым 4,4 миллиард доллар сұратқанын еске салды. Бұл қаражат бірінші қажеттіліктегі азық-түлік пен тауарды жеткізуге, ауыл шаруашылығын қолдауға жұмсалады. Өткен жылы БҰҰ мен оның серіктестері осы елдің 18 миллион тұрғынына көмектесті. Бұл бір жыл бұрынғы көрсеткіштен 60%-ке көп.
Антониу Гутерриш ауқымды дағдарысты бастан өткізіп жатқанын және ахуал қыстың келуімен тіпті ушығып кеткенін, қазір елде нағыз "аязды тозақ" орнағанын атап өтті.
Миллиондаған ауған желді, аязды және қарлы ауа райында қолдан жасалған палаткада, пластик шатыр астында күнелтуге мәжбүр. Ал ауруханаларда жарық, палаталарда орын жоқ. Миллиондаған бала мектепке бармайды, елдің 80%-і таза суға қол жеткізе алмай отыр, халықтың жартысы азық-түлік тапшылығын бастан кешуде.
Сонымен қатар Ауғанстанда соңғы жиырма жылдағы ең ауқымды қуаңшылық орнады. Бұл азық-түлік проблемасын одан бетер ушықтырып, тоғыз миллион адамды ашаршылық шегіне жеткізді.
Бұдан бөлек, БҰҰ Бас хатшысы Ауғанстандағы қыз балалар мен әйелдердің де жағдайына тоқталды.
Еске салсақ, 2021 жылдың тамыз айының басында тәлібтер Ауғанстанның үкімет күштеріне қарсы шабуылды күшейтіп, 15 тамызда Кабулға кірді және келесі күні соғыс аяқталғанын жариялады. Тамыздың қалған екі аптасында америкалық әскерилердің күзетінде тұрған Кабулдағы әуежайдан Батыс елдері азаматтары және олармен әріптестік орнатқан ауғандарды жаппай эвакуациялау жүргізілді.
31 тамызға қараған түні америкалық әскерилер Кабул әуежайынан кетті, осылайша АҚШ-тың 20 жыл бойы Ауғанстанда өз әскерін орналастыруы аяқталды. Қыркүйектің басында Ауғанстанның уақытша үкіметінің құрамы белгілі болды. Уақытша үкіметке "Талибанның"* елді бірінші рет басқаруы кезінде сыртқы саясатқа жауапты болған және 2001 жылдан бері оған БҰҰ санкциясы енгізілген Мұхаммед Хасан Ахунд жетекшілік етті.
*террористік іс-қимылына байланысты Талибан қозғалысына БҰҰ санкциясы енгізілген
Жаңалықтар
0