Әлем

НАТО Ресейді "геосаяси экспансия жүргізіп жатыр" деп айыптады

© Sputnik / Алексей Витвицкий / Медиабанкке өтуЭмблема НАТО
Эмблема НАТО  - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.01.2022
Жазылу
Ғаламшар көптеген онжылдық бойы біршама кепілдендірілген және қауіпсіз әлемде өмір сүрді
НҰР-СҰЛТАН, 11 қаңтар – Sputnik. Женевадағы Ресей-Америка арасындағы келіссөз "НАТО бойынша одақтастармен кеңес" ретінде насихатталып, осылайша Вашингон қай тараптың қарасы көп екенін аңғартқысы келгендей, деп жазды РИА Новости.
Ескіні жаңаға балап, жаңашылдық ретінде ұсынуға тырысуына Ресейдің көңілі толмады. Сонымен қатар Солтүстікатлантикалық альянс құрамына кіретін елдердің сыртқы саяси ведомство басшылары арасындағы пікірталас та Мәскеуге ешқандай жаңалық алып келмеді.
Виды Москвы - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.12.2021
Әлем
Ресейдің сыртқы істер министрлігі НАТО-мен келіссөз туралы айтты
Натолықтар "Ресейдің агрессиялы әрекеті", "империя құруға талпынысы", "Ялта келісімі бойынша тіршілік етуге құлшынысы" туралы тағы айтты. Ялта конференциясы мен оның қорытындысын төмендетіп көрсетуге тырысу әрекеттері Ресейдің шамына тиіп отыр.
Бірақ бүгінде жоққа шығарылып отырған Ялта конференциясының қорытындылары дипломатия ғана емес, экономикаға, саясатқа да ықпал етіп отыр. Ғаламшар көптеген онжылдық бойы біршама кепілдендірілген және қауіпсіз әлемде тіршілік етті. Туындаған дағдарыстар дер кзінде шешіліп, екі жүйенің кереғарлығы ешқашан соғысқа алып келген жоқ. Алайда жоғары трибунадан Ялта "өлгенін" хабарлап, енді Қырымда қол қойылған құжаттардың орнына "жаңа ойлау үлігісі" қолданылатынын мәлімдеген шақта, барлығы күрт өзгерді.
Бұл жаңа геосасяи тұжырым Ресей өзін жау көрген мемлекеттерге құшақ ашуға дайын екенін және ол елдер де Ресейге қатысты пікірін өзгертетінін насихаттады. Бірақ Ресей өзінің сыртқы саясатынан, берік тәуелсіздігінен және халықаралық аренада өз мүддесін қорғауға деген ұмтылысынан бас тартуы керек болды.
НАТО әскери қызметкерлерді оқытуды және әскери техникамен жабдықтауды қамтамасыз ететін ұлттық қорғаныс бағдарламаларын құруға және қаржыландыруға көмектеседі. Бұл бағдарламалар белгілі бір елдің қарулы күштері қатарында әскери нұсқаушылар мен бақылаушылардың болуына да мүмкіндік береді. Сонымен қатар мұндай бағдарламалар кейде альянсқа қажетті барлау кезіндегі мәліметтердің бір бөлігіне қол жеткізуге мүмкіндік береді.
Алайда кандидат болуға мүмкіндік туған шақта елде агрессия басталады. Мұндай жағдайды ең алдымен Грузия бастан кешірді. 2008 жылы ол НАТО-ға кіруге кандидат атанды, бірақ төрт айдан кейін Оңтүстік Осетияда орналасқан ресейлік бітімгерлерге шабуыл тіркелді. Осы тұста Югославияның ыдырауын да мысал етуге болады.
Бірақ батыстағы әріптестер Ялта келісімін құрдымға кетуі барысында екі маңызды факторды есепке алмаған секілді: біріншісі – Ресей өзіне кіш жәнее қалай шабуыл жасағанын әлі ұмытқан жоқ, екіншісі –сын-қатер туындаған шақта Ресей күш біріктіріп, кез келген қауіпке төтеп беретін мызғымастықты ұстанатанын НАТО ескермеді.
Встреча президентов России и США В. Путина и Дж. Байдена в Женеве - Sputnik Қазақстан, 1920, 23.12.2021
Әлем
НАТО-ға ультиматум, газ бағасы және Украина: Путиннің баспасөз мәслихаты өтті
Ресей батыстағылардың Мәскеуге дейін ұшу уақыты бірнеше есе қысқаруына, өзіне ультиматум қойып, қоқан-лоқы көрсетуіне жол бере алмайтынын аңғартты. Мәскеу өзіне қысым көрсетілген шақта да, бұйрық берілген кезде де барынша сабырлық танытып, бірізді жауап қатуға тырысты.
Ал еуропалық және америкалық БАҚ-тың "Украина шекарасына шоғырланған ресейлік әскер" туралы мақалалары негізсіз ақпаратқа, жалған дерекке негізделгеніне бүкіл әлем көз жеткізді.
Альянстың отызға жуық сыртқы істер министрлері америкалық дипломатия басшысы Блинкеннің "орыстардың геосаяси экспансиясы" туралы баяндамасын тыңдады да, олар да "орыстар қаупі" туралы өз ойларын ортаға салды. Бірақ саналы еуропалықтар қазіргі жағдайдың өзінде Ресей туралы оң пікірді екенін бұл жиында ойымен бөліскендердің аузынан шыққан сөздің құны қандай екенін айтпай-ақ аңғартып тұр.
"Жаңа ой-тұжырым" жайлы сөз қозғап, трибунадан түскеннен кейін кеңестік блоктың бұрынғы елдерін альянсқа мүше болуға үгіттеген Ресей емес.
Жаңалықтар
0