https://sputnik.kz/20220102/Koronavirus-pandemiya-19038151.html
Коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін – ДДСҰ
Коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін – ДДСҰ
Sputnik Қазақстан
Ол үшін әлемдегі әрбір елде халықтың кемінде 70 проценті коронавирусқа қарсы екпе салғызуы керек 02.01.2022, Sputnik Қазақстан
2022-01-02T16:07+0500
2022-01-02T16:07+0500
2023-08-10T12:11+0500
әлем
коронавирус
дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18626486_0:0:3073:1728_1920x0_80_0_0_af242a0ab05a8434113033fdf32b1fe1.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін. Бірақ ол үшін бүкіл мемлекетті тең дәрежеде вакцинамен қамтамасыз ету керек, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақта ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.Ұйымның бас директоры жаңа жыл қарсаңында мәлімдеме жасап, 2022 жылы падемия аяқталуы мүмкін екенін айтты.ДДСҰ басшысының айтуынша, пандемия аяқталуы үшін барлық мемлекет 2022 жылдың ортасына дейін халықты вакциналау деңгейін 70%-ке жеткізуі керек."Ел үкіметтері денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мақсатты әдістерді қолдануды тоқтатпауы керек", - деді Тедрос Гебрейесус.Бетперде тағу, арақашықтық сақтау, адам көп шоғырланатын орындарға бармау, дос-туыстармен таза ауада немесе жақсы желдетілетін орындарда ғана кездесу арқылы барлық мемлекеттің тұрғындары да өз үлесін қосуы керек.Сонымен қатар бүкіл әлемде денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сенімді жүйесін құру қажет."2022 жылы мемлекеттер эпидемия мен пандемияның алдын алу, оларға дайын болуды қамтамасмыз ету, анықтау және жедел әрекет ету үшін әлемге аса қажет құралдар мен жүйелерді, басқару, қаржыландыру механизмдерін күшейту мақсатында пандемияға қарсы күрес жөніндегі жаһандық келісімді талқылауды бастайды", - деді ДДСҰ басшысы.Ол денсаулық сақтау қызметімен жаппай қамтуға арналған негіз ретінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйелерін нығайтуға барлық мемлекет инвестиция салуы керек екенін атап өтті. Оқи отырыңыз: 5 қаңтардан бастап "жасыл" статусы жоқ адамдарға қандай шектеу енгізіледі Гебрейесустың айтуынша, "Омикрон" сынды жаңа штамдардың пайда болуы кейбір елдердің шамадан тыс көлемде вакцина қорын құруына алып келді. Бұл әділдік ұстанымына нұқсан келтіріп отыр.Ал әділдік ұстанымының бұзылуы вирустың адамзат баласы қарсы тұра алмайтындай деңгейде асқынуына алып келуі де мүмкін."Әділетсіздіктің жолын кессек қана пандемияның аяқталуына қол жеткізе аламыз", - деді бас директор.ДДСҰ 2020 жылдың 11 наурызында коронавирустың таралуын пандемия деп жариялады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2022
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/0b/0b/18626486_102:0:2833:2048_1920x0_80_0_0_22593c99747a28088afcbf51b22fedf8.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
коронавирус, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
коронавирус, дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы
Коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін – ДДСҰ
16:07 02.01.2022 (жаңартылды: 12:11 10.08.2023) Ол үшін әлемдегі әрбір елде халықтың кемінде 70 проценті коронавирусқа қарсы екпе салғызуы керек
НҰР-СҰЛТАН, 2 қаңтар – Sputnik. Коронавирус пандемиясы 2022 жылы аяқталуы мүмкін. Бірақ ол үшін бүкіл мемлекетті тең дәрежеде вакцинамен қамтамасыз ету керек, деп мәлімдеді Дүниежүзілік денсаулық сақта ұйымының басшысы Тедрос Адханом Гебрейесус.
Ұйымның бас директоры жаңа жыл қарсаңында мәлімдеме жасап, 2022 жылы падемия аяқталуы мүмкін екенін айтты.
"Пандемияның үшінші жылына аяқ басып жатырмыз, бұл пандемия аяқталатын жыл болады деп сенемін. Бірақ ол үшін барлығымыз бірігіп күш салуымыз керек", - деп жазылған ДДСҰ сайтындағы Гебрейесус мәлімдемесінде.
ДДСҰ басшысының айтуынша, пандемия аяқталуы үшін барлық мемлекет 2022 жылдың ортасына дейін халықты вакциналау деңгейін 70%-ке жеткізуі керек.
"Ел үкіметтері денсаулық сақтау және әлеуметтік қамсыздандыру саласындағы мақсатты әдістерді қолдануды тоқтатпауы керек", - деді Тедрос Гебрейесус.
Бетперде тағу, арақашықтық сақтау, адам көп шоғырланатын орындарға бармау, дос-туыстармен таза ауада немесе жақсы желдетілетін орындарда ғана кездесу арқылы барлық мемлекеттің тұрғындары да өз үлесін қосуы керек.
Сонымен қатар бүкіл әлемде денсаулық сақтау саласындағы қауіпсіздікті қамтамасыз етудің сенімді жүйесін құру қажет.
"2022 жылы мемлекеттер эпидемия мен пандемияның алдын алу, оларға дайын болуды қамтамасмыз ету, анықтау және жедел әрекет ету үшін әлемге аса қажет құралдар мен жүйелерді, басқару, қаржыландыру механизмдерін күшейту мақсатында пандемияға қарсы күрес жөніндегі жаһандық келісімді талқылауды бастайды", - деді ДДСҰ басшысы.
Ол денсаулық сақтау қызметімен жаппай қамтуға арналған негіз ретінде алғашқы медициналық-санитарлық көмек жүйелерін нығайтуға барлық мемлекет инвестиция салуы керек екенін атап өтті.
Гебрейесустың айтуынша, "Омикрон" сынды жаңа штамдардың пайда болуы кейбір елдердің шамадан тыс көлемде вакцина қорын құруына алып келді. Бұл әділдік ұстанымына нұқсан келтіріп отыр.
Ал әділдік ұстанымының бұзылуы вирустың адамзат баласы қарсы тұра алмайтындай деңгейде асқынуына алып келуі де мүмкін.
"Әділетсіздіктің жолын кессек қана пандемияның аяқталуына қол жеткізе аламыз", - деді бас директор.
ДДСҰ 2020 жылдың 11 наурызында коронавирустың таралуын пандемия деп жариялады.