https://sputnik.kz/20211227/khatshy-koronavirus-pandemiya-18988984.html
БҰҰ Бас хатшысы коронавирустан кейінгі пандемияға дайындалуға шақырды
БҰҰ Бас хатшысы коронавирустан кейінгі пандемияға дайындалуға шақырды
Sputnik Қазақстан
Әлемде COVID-19 инфекциясын 279 миллионнан астам адам жұқтырып, 5,3 миллионнан астам науқас қайтыс болды 27.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-27T09:07+0500
2021-12-27T09:07+0500
2022-02-01T13:05+0500
әлем
бұұ
коронавирус
індет
https://sputnik.kz/img/1050/97/10509789_0:45:2949:1704_1920x0_80_0_0_0d297320d573d5131382c93a4de8f481.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. COVID-19 пандемиясы адамзат үшін соңғы емес, келесісіне дайындалу керек. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш мәлімдеді. Жыл сайын 27 желтоқсанда әлемде Эпидемияға қарсы халықаралық дайындық күні аталып өтеді. Оны БҰҰ Бас Ассамблеясы 2020 жылдың қарашасында жариялады.Пандемия – бұл бүкіл әлемге, бірнеше көрші ел мен құрылыққа таралатын кең ауқымды індет. Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 11 наурызында жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуын пандемия деп жариялады.Джонс Хопкинс университетінің (АҚШ) мәліметінше 2021 жылдың 26 желтоқсанындағы жағдай бойынша әлемде COVID-19 инфекциясын 279 миллионнан астам адам жұқтырып, 5,3 миллионнан астам адам қайтыс болды.Әсіресе АҚШ, Үндістан, Бразилия Ұлыбритания және Ресей тұрғындары індеттен көп зардап шекті. COVID-19-ға қарсы вакциналарды әзірлеу саласында күш-жігерді үйлестіру үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық клиникалық сынақтарды тіркеу платформасын құрды. Қазіргі уақытта әлемде 168 вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр.Оқи отырыңыз: Дәрігер коронавирус миға қалай әсер ететінін айтты Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған немесе әлі сараптамадан өтіп жатқан вакциналар тізіміне АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ресей және Кубаның 24 препараты кірді. 2021 жылдың 17 желтоқсанындағы жағдай бойынша ДДСҰ төтенше жағдайда қолдануға арналған тоғыз COVID-19 вакцинасын тіркеді.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/1050/97/10509789_16:0:2747:2048_1920x0_80_0_0_3a73095b8f55fc7a7cea46609eaafbcc.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
бұұ, коронавирус, індет
БҰҰ Бас хатшысы коронавирустан кейінгі пандемияға дайындалуға шақырды
09:07 27.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Әлемде COVID-19 инфекциясын 279 миллионнан астам адам жұқтырып, 5,3 миллионнан астам науқас қайтыс болды
НҰР-СҰЛТАН, 27 желтоқсан – Sputnik. COVID-19 пандемиясы адамзат үшін соңғы емес, келесісіне дайындалу керек. Бұл туралы БҰҰ Бас хатшысы Антониу Гутерреш мәлімдеді.
Жыл сайын 27 желтоқсанда әлемде Эпидемияға қарсы халықаралық дайындық күні аталып өтеді. Оны БҰҰ Бас Ассамблеясы 2020 жылдың қарашасында жариялады.
"COVID-19 адамзат тап келген соңғы індет болмайды. Денсаулық сақтау саласындағы бұл дағдарыспен күресу барысында біз келесісіне дайындалуымыз керек. Эпидемияға қарсы халықаралық дайындық күнінде осы мәселеге назар аударайық және ол қажет ететін инвестицияны атап өтейік", - деп жазды Гутерреш өзінің Twitter парақшасында.
Пандемия – бұл бүкіл әлемге, бірнеше көрші ел мен құрылыққа таралатын кең ауқымды індет.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы 2020 жылдың 11 наурызында жаңа коронавирус инфекциясының (COVID-19) таралуын пандемия деп жариялады.
Джонс Хопкинс университетінің (АҚШ) мәліметінше 2021 жылдың 26 желтоқсанындағы жағдай бойынша әлемде COVID-19 инфекциясын 279 миллионнан астам адам жұқтырып, 5,3 миллионнан астам адам қайтыс болды.
Әсіресе АҚШ, Үндістан, Бразилия Ұлыбритания және Ресей тұрғындары індеттен көп зардап шекті.
COVID-19-ға қарсы вакциналарды әзірлеу саласында күш-жігерді үйлестіру үшін Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы халықаралық клиникалық сынақтарды тіркеу платформасын құрды. Қазіргі уақытта әлемде 168 вакцина клиникалық сынақтан өтіп жатыр.
Дүниежүзілік денсаулық сақтау ұйымы мақұлдаған немесе әлі сараптамадан өтіп жатқан вакциналар тізіміне АҚШ, Қытай, Ұлыбритания, Үндістан, Оңтүстік Корея, Ресей және Кубаның 24 препараты кірді. 2021 жылдың 17 желтоқсанындағы жағдай бойынша ДДСҰ төтенше жағдайда қолдануға арналған тоғыз COVID-19 вакцинасын тіркеді.