Әлем

Еуроодақ өкілі Ресейге қатысты пікір білдірді

© AFP 2024 / KENZO TRIBOUILLARDЭмблема Европарламента на административном здании в Брюсселе
Эмблема Европарламента на административном здании в Брюсселе  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.12.2021
Жазылу
Еуропа Ресейді бәсекелес немесе бақталас емес, нақты жау деп атап отыр. Өйткені тек жауға ғана сес көрсетеді
НҰР-СҰЛТАН, 25 желтоқсан – Sputnik. Еуроодақтың шетел істері және қауіпсіздігі жөніндегі жоғарғы өкілі (сондай-ақ Еурокомиссия төрағасының орынбасары) Жозеп Боррель ара-тұра пост жазып, өз ойын білдіретін әдеті бар, деп хабарлайды РИА Новости.
Күні кеше Еурокомиссияның ресми парақшасында Боррельдің "Шығыстағы күш қолдану саясатын қалай бәсеңдету керек?" деген тақырыпта посты шықты. Ол Шығыс деп нақты Ресейді меңзеп отыр.
Жозеп Боррель дипломатия тілінен әлдеқайда қатаң және дөрекі сөзге көшкен секілді.
"Бүгінде Ресей өз саясатын қысым мен қоқан-лоқыны біріктіретін гибридті әрекеттер арқылы жүргізіп отырғанын көріп отырмыз. Осыған байланысты біз өз әрекетіміз және шешімімізді қатаң және бірыңғай ету керекпіз", - деп жазылған постта.
Флаг Евросоюза - Sputnik Қазақстан, 1920, 26.11.2021
Әлем
Еуроодақ жаңа ортақ қорғаныс стратегиясын әзірледі
Осы сөздерден Еуропа Ресейді бәсекелес немесе бақталас емес, нақты жау деп атап отыр. Өйткені тек жауға ғана сес көрсетеді.
Боррель өз постында Париж хартиясы туралы сөз қозғап, оны жоғары бағалап сипаттаған: оның пікірінше, "еуропалық қауіпсіздіктің қазіргі жүйесінің негізі дәл сол шақта қаланды". Бірақ Боррельге Париж хартиясы басқа себеппен ұнап отыр: осы құжатта ресми түрде қырғи-қабақ соғыс аяқталғаны жазылған.
Ал бейресми түрде жеңіске жеткендер (бұл ұжымдық Батыс, НАТО мен ЕО елдері) мен жеңілгендер (Кеңес Одағы) аталды. КСРО тарауы геосаясат мәселесінен саяси-технологиялық мәселеге айналғандықтан, келесі кезең – Маастрихтте келісімге қол қою.
Дәл осы кезде Ресейді, қазір батыс жиі айтатындай, "ықпал ету аумағынан" айырудың долбары жасалды. Бұл мақсатта ең алдымен зардап шеккен Югославия: он мыңдаған құрбан, қантөгіс, адам төзгісіз азап, халықаралық құқықтың барлық нормасын өрескел бұзу.
Дәл осы тектес амал-әдіс КСРО-ның ыдырауы үшін қолданылды. Бірақ Ресей бұл алапатқа төтеп берді. Республикалар егемендік алып, өз жөніне кетті. Ал қоғамда, әсіресе батыста, русофобия қалыптасып, орыстарды ксенофоб деп айыптады, одақты ыдыратқандар шығысқа қарай әскери блокты кеңейтті.
Агрессияға негізделген және Ресейге ықпал ету тетігін күшейтуді көздейтін осы шешімдер қабылданып жатқан шақта орыстар елді біріктіруге әрекеттеніп жатты. Сол шақтағы елдің хал-жағдайын азап, апат, кедейлік деп сипаттауға болады.
Флаг Евросоюза - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.08.2021
Әлем
Еуроодақ Ауғанстан көршілеріне көмектесуге уәде берді
Еуроодақ өз ықпал ету аумағын кеңейткеннен кейін екінші кезеңге кірісті. Вашингтон да, Брюссель де Ресейді көршілерінен шын мәнінде айыруға күш салды.
Бұл мақсаттағы әрекеттер Грузияда аса сәтті болмады, Украинада екінші мүмкіндіктен кейін жүзеге асты, ал Белоруссияда сәтсіздікке ұшырады. Сондықтан санкциялар енгізу арқылы Ресейдің экономикалық ахуалын әлсіретуге тырысты. Бірақ экономикалық шектеу Ресей экономикасының қарқының бәсеңдетудің орнына, керісінше, барлық көрсеткіште өсім тіркелді. Ал еуроаймақтағы елдер бірінен кейін бірі дағдарысқа ұшырап жатты.
Еуродипломатия басшысы бір жағынан ЕО Ресейдің басқа елдерге қысым көрсетуіне қарсы тұруы керект десе, екінші жағынан экономикалық себептерге байланысты, ЕО қолы байлаулы екенін алға тартады: "Еуроодаққа жеткізілетін газдың 40 процентін Ресей экспорттап отыр. Сондықтан әзірше бұған еш қарсы амалымыз жоқ". Ол Мәскеу газ жеткізу бойынша келісімшартты Еуроодаққа қысым көрсету үшін пайдаланып отыр деген пікір жеткізген.
Боррель "Ресей проблемасын дипломатиялық әдіс және сөзбен шешу мүмкін емес" екенін айтып, "сенімді одақтасына" айналған Вашингтонға алғыс білдірген. Ол альянс армиясы кез келген уақытта әрекет етуге дайын болатындай жабдықталуы қажет екенін еске салды. Осы сөздер арқылы Еуроодақ дипломатиясының басшысы ЕО Ресейге қарсы тайталасқа дайындалып жатқанын аңғартты.
Бірақ Жозеп Боррель өзі мойындағандай, Еуропа үшін Ресеймен қақтығысу экономикалық және басқа да сипатта тек еуропалықтарға залал алып келеді.
Жаңалықтар
0