https://sputnik.kz/20211212/AQSh-ta-110-adam-oldi-video-18883066.html
АҚШ-та бірнеше қала жермен-жексен болды: 110 адам өлді – видео
АҚШ-та бірнеше қала жермен-жексен болды: 110 адам өлді – видео
Sputnik Қазақстан
Джо Байден дүлей дауылды ел тарихындағы ең жойқын табиғи апаттардың бірі деп атады 12.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-12T16:33+0500
2021-12-12T16:33+0500
2022-02-02T09:48+0500
әлем
дауыл
ақш
видео
https://sputnik.kz/img/07e5/07/10/17626178_0:195:3072:1933_1920x0_80_0_0_5ef71d7693c05daa8436e79a424f8d6f.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Желіде АҚШ-тағы жойқын дауылдың салдары туралы видеолар жарияланып жатыр.Бірқатар қалада үйлердің орнында қирандылар ғана қалған."Бүгін Конгресс пен мемлекет кеше түнде жойқын торнадо салдарынан жақын адамын жоғалтқандардың қайғысына ортақтасып жатыр. Бүкіл халық осы қиын шақта сіздер үшін дұға етуде", - деп жазды АҚШ конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси Twitter-де.Торнадодан Кентукки штаты көп зардап шекті. Онда соңғы мәлімет бойынша 110-нан астам адам қаза тапты.Торнадо мен дауыл 11 желтоқсанда АҚШ-тың шығысын ойрандап кетті, атап айтқанда, Иллинойсе, Миссури, Арканзасе, Кентукки және Теннесси штатындағы елді мекендер қирады.Ақ үйдің хабарлауынша, елдегі дауыл туралы президент Джо Байденге ақпарат берілген. Мемлекет басшысы зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін федералдық ресурс бөлуді тапсырды.Байден табиғи апатты тарихтағы ең жойқын апаттардың бірі деп атады. Ол зардап шеккен кейбір өңірлерді әскери әрекеттер аймағына теңеді. Ал құрбан болғандардың нақты саны мен дауылдан келген шығын көлемі әзірге белгісіз.
ақш
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/07e5/07/10/17626178_0:99:3072:2029_1920x0_80_0_0_b21115ebcc6343a849d56ad7d0011ee5.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
дауыл, ақш
АҚШ-та бірнеше қала жермен-жексен болды: 110 адам өлді – видео
16:33 12.12.2021 (жаңартылды: 09:48 02.02.2022) Джо Байден дүлей дауылды ел тарихындағы ең жойқын табиғи апаттардың бірі деп атады
НҰР-СҰЛТАН, 12 желтоқсан – Sputnik. Желіде АҚШ-тағы жойқын дауылдың салдары туралы видеолар жарияланып жатыр.
Бірқатар қалада үйлердің орнында қирандылар ғана қалған.
"Бүгін Конгресс пен мемлекет кеше түнде жойқын торнадо салдарынан жақын адамын жоғалтқандардың қайғысына ортақтасып жатыр. Бүкіл халық осы қиын шақта сіздер үшін дұға етуде", - деп жазды АҚШ конгресі Өкілдер палатасының спикері Нэнси Пелоси
Twitter-де.
Торнадодан Кентукки штаты көп зардап шекті. Онда соңғы мәлімет бойынша 110-нан астам адам қаза тапты.
Торнадо мен дауыл 11 желтоқсанда АҚШ-тың шығысын ойрандап кетті, атап айтқанда, Иллинойсе, Миссури, Арканзасе, Кентукки және Теннесси штатындағы елді мекендер қирады.
Ақ үйдің хабарлауынша, елдегі дауыл туралы президент Джо Байденге ақпарат берілген. Мемлекет басшысы зардап шеккен аймақтарға көмек көрсету үшін федералдық ресурс бөлуді тапсырды.
Байден табиғи апатты тарихтағы ең жойқын апаттардың бірі деп атады. Ол зардап шеккен кейбір өңірлерді әскери әрекеттер аймағына теңеді. Ал құрбан болғандардың нақты саны мен дауылдан келген шығын көлемі әзірге белгісіз.