14:04 20 Қаңтар 2022
Тікелей эфир
  • USD434.48
  • EUR492.61
  • RUB5.68
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
106 0 0

Осы аптада Ригада өткен саммит кезінде Солтүстікатлантикалық альянс сыртқы ведомство басшылары Ресейге қатысты мейлінше агрессивті бағдар ұсыну бойынша жарысқа түскендей

НҰР-СҰЛТАН, 3 желтоқсан – Sputnik. НАТО-ның Ресейге қатысты агрессивті ұстанымы күн санап күшейіп келеді. Осы аптада Ригада өткен альянстың сыртқы істер министрлерінің саммиті кезінде бас хатшы Йенс Столтенберг мемлекеттік билікке қатысты "ресейлік режим" терминін алғаш рет қолданды, деп жазды РИА Новости.

Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Лиз Трансстың Эстония танкімен Ресей шекарасына жақын маңда жүріп өтуі тіпті түсініксіз жағдай болды. Ол өзінің сұсты түрімен ресейлік "агрессиялық ниетке" кез келген уақытта қарсы жауап беруге қауқарлы екенін көрсеткісі келген секілді. Егер ресейлік министр Сергей Лавров та дәл осындай әрекетке барса, батыстағы БАҚ не жазатынын болжауға болады. Бірақ ресей "дипломатия" ұғымын тура мағынасында қолданып келеді.

Осы аптада Ригада өткен саммит кезінде Солтүстікатлантикалық альянс сыртқы ведомство басшылары Ресейге қатысты мейлінше агрессивті бағдар ұсыну бойынша жарысқа түскендей. Сонымен қатар батыстағы БАҚ әдетте батыс дипломаттарының кезекті басқосуы ретінде қаралатын мұндай іс-шараға тым ауқымды ақпараттық қолдау көрсетті.

Мұндай үгіт-насихатқа НАТО-ның осы саммиті "Ресейдің Украинаға шабуылы" тақырыбына қатысты болуы себепші. Оқиғаның ауқымынан секемденген Украина тіпті бұл ақпараттың жалған екенін мәлімдеп, Ресейді айғақсыз мәлімет таратты деп айытпауына тура келді. Немістердің DW басылымы Украинамен шекарадағы "115 миллион ресейлік әскеридің шоғырланғаны" туралы жазды. Мұндай бір саннан қателік кеткені айқын.

Алайда Ригада сөз сөйлеген сыртқы істер министрлерінің барлығы дерлік осы "ресейлік әскердің шоғырлануын" тілге тиек етті. Бәрінен де альянстың бас хатшысы Йенс Столтенбергтің екпіні тым күшті болды.

Мұны Столтенбергтің жақында ғана "Германиядан шығысқа қарай" ядролық зымырандарды орналастыру ықтималдылығы туралы мәлімдемесі осы сөзге дәлел. Халықаралық келісімшарттарды бұзатын және барлық "қызыл сызық" шегінен шығатын бұл тезисті әлемдік БАҚ қалыпты мәселе секілді қабылдады. Олар НАТО бас хатшысының аузынан шыққан бұл мәлімдемені елемегендей сыңай танытты.

Бірақ батыстағылар Белоруссия президенті Александр Лукашенконың өз елінде ресейлік ядролық зымырандарды орналастыру мүмкіндігі туралы мәлімдемесін назардан қалт жібермеді. Осыдан кейін Столтенберг НАТО-ның өз аумағында ядролық қаруы көп жылдан бері бар қандай да бір елдердің территориясында мұндай қару орналастыру туралы ешқандай жоспары жоқ екенін айтты. Бас хатшының бір-біріне қарама-қайшы екі мәлімдемесінің арасы небәрі 12 күн. Бірақ батыс журналистері бұл фактіні жарияламауға тырысып бақты.

НАТО бас хатшысының қызметтік өкілеті шектеулі болғанымен, қалай болғанда да оның қарамағында әскери инфрақұрылым бар. Ал жаһандық ұйымның біріндегі лауазымды тұлғаның екі түрлі мәлімдеме жасауының ақыры қайғылы болмасына кім кепіл.

Әйткенмен Столтенберг Украинадағы жағдайды грузин сценарийіне дейін жеткізу Киев үшін де, Вашингтон үшін жағымсыз әсер әкелуі мүмкін екенін түсініп отыр. Сондықтан бас хатшы бес күннің үшеуін де "Украинаны қандай да бір шабуылдан қорғау бойынша НАТО-ның Украина алдында ешқандай міндеттемесі жоқ" екенін қайталаудан жалықпады. Бұл кейбір украин саясаткерлерінің көңіл-күйін түсіргені анық.

Осы кезде Ұлыбританияның Киевтегі елшісі Мелинда Симмонс Mirror ағылшын газетінің "Ресеймен соғыс бола қалған жағдайда" Лондонның Украинаға 600 арнайы жасақ сарбазын жөнелту туралы фейк ақпаратын жоққа шығарды.

Бірақ Столтенберг Украина мен Грузияның НАТО-ға қосылуы туралы жиі айтады. Сонымен қатар бұл шешімге қатысты Ресейде вето құқығы жоқ екенін де қайталап келеді. Қызығы – НАТО Ресейден өз шекарасынан әскери инфрақұрылымды алып тастауды талап етеді де, ал Мәскеу Ресей шекарасындағы НАТО әскери инфрақұрылымына қатысты талап қойса, орыстардың мұндай құқығы жоқ екенін алға тартады.

Сол сияқты, Столтенберг Ригада "Ресейдің өз ықпал ету аясын құруға құқығы жоқ" екенін айтты. Алайда Вашингтон "Монро доктринасын" дайындап, Оңтүстік Американың барлығы АҚШ-тың "ықпал ету аумағында" екенін жариялағанда Солтүстікатлантикалық альянс еш қарсылық танытпады.

Жалпы Мәскеу Украинаның НАТО-ғы мүше болуы "қызыл сызық" шегінен асуды білдіретінін және Ресей оған жол бермейтінін бұған дейін бірнеше рет айтты. Бұл Батыс пен Украинаның қарым-қатынасынан бұрын Ресейдің қауіпсіздігіне қатысты болып отыр. Сондықтан осы аптада РФ президенті Владимир Путин НАТО-ның Ресей шекарасына қауіп төндіретін қару-жарақ жүйелерін шығысқа қарай ығыстыруына жол бермейтін нақты келісімшарттар әзірлеу бойынша сындарлы келіссөз жүргізуді ұсынды.

Кілт сөздер:
Ресей, қару
Загрузка...

Басты тақырып