https://sputnik.kz/20211202/alemdegi-en-qymbat-qala-18801519.html
Әлемдегі ең қымбат қала анықталды – видео
Әлемдегі ең қымбат қала анықталды – видео
Sputnik Қазақстан
Жаңа рейтингіде Париж бен Сингапур екінші орынды бөлісіп отыр. Үшінші орында – Цюрих, ал Гонконг төртінші орынға түсті 02.12.2021, Sputnik Қазақстан
2021-12-02T10:54+0500
2021-12-02T10:54+0500
2022-02-01T13:05+0500
әлем
қымбаттау
қала
әлем
https://sputnik.kz/img/old/914/63/9146354_0:142:3133:1904_1920x0_80_0_0_3b6fd786ab1f347dd56c8a39945b2cd8.jpg
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Economist Group "2021 жылда әлемдегі өмірдің бағасы" атты зерттеудің нәтижесін жариялады. Биыл 173 қаланың ішінен Израильдің Тель-Авив қаласы өмір сүру үшін ең қымбат қала болып танылды, деп хабарлайды Euronews арнасы.Мегаполис осы рейтингте алғаш рет бірінші орынға шықты. Былтыр Тель-Авив бесінші орында болған. Ал оның алдында Париж, Гонконг, Осака мен Женева тұрды. Осылайша, бір жылдың ішінде Тель-Авив қымбатшылық жағынан бес бірдей қаланы артта қалдырды.Жаңа рейтингіде Париж бен Сингапур екінші орынды бөлісіп отыр. Үшінші орында – Цюрих, ал Гонконг төртінші орынға түсті. Одан кейін Нью-Йорк, Женева, Копенгаген, Лос-Анджелес пен Осака тұр.Сарапшылардың айтуынша, биыл израильдік шекельдің долларға шаққандағы бағамы күшейді. Ал азық-түлік қымбаттады, қоғамдық көлікте жол жүру ақысы да көтеріліп кетті.Тель-Авивте тауар мен қызметтердің бағасы орташа есеппен 3,5 процентке өскен. Сол себепті биыл осы мегаполис ең қымбат қалалардың көшін бастады.
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
2021
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
Жаңалықтар
kk_KK
Sputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
https://sputnik.kz/img/old/914/63/9146354_202:0:2931:2047_1920x0_80_0_0_4bb0e67a5d3166ab4b174320f268fb9b.jpgSputnik Қазақстан
media@sputniknews.com
+74956456601
MIA „Rossiya Segodnya“
қымбаттау, қала, әлем
Әлемдегі ең қымбат қала анықталды – видео
10:54 02.12.2021 (жаңартылды: 13:05 01.02.2022) Жаңа рейтингіде Париж бен Сингапур екінші орынды бөлісіп отыр. Үшінші орында – Цюрих, ал Гонконг төртінші орынға түсті
НҰР-СҰЛТАН, 2 желтоқсан – Sputnik. Economist Group "2021 жылда әлемдегі өмірдің бағасы" атты зерттеудің нәтижесін жариялады. Биыл 173 қаланың ішінен Израильдің Тель-Авив қаласы өмір сүру үшін ең қымбат қала болып танылды, деп хабарлайды
Euronews арнасы.
Мегаполис осы рейтингте алғаш рет бірінші орынға шықты. Былтыр Тель-Авив бесінші орында болған. Ал оның алдында Париж, Гонконг, Осака мен Женева тұрды. Осылайша, бір жылдың ішінде Тель-Авив қымбатшылық жағынан бес бірдей қаланы артта қалдырды.
Жаңа рейтингіде Париж бен Сингапур екінші орынды бөлісіп отыр. Үшінші орында – Цюрих, ал Гонконг төртінші орынға түсті. Одан кейін Нью-Йорк, Женева, Копенгаген, Лос-Анджелес пен Осака тұр.
Сарапшылардың айтуынша, биыл израильдік шекельдің долларға шаққандағы бағамы күшейді. Ал азық-түлік қымбаттады, қоғамдық көлікте жол жүру ақысы да көтеріліп кетті.
Тель-Авивте тауар мен қызметтердің бағасы орташа есеппен 3,5 процентке өскен. Сол себепті биыл осы мегаполис ең қымбат қалалардың көшін бастады.