Әлем

Түрікменстан президенті алғаш рет әйелімен бірге фотоға түсті

© Sputnik / Рамиль Ситдиков / Медиабанкке өтуПрезидент Туркмении Гурбангулы Бердымухамедов. Архивное фото
Президент Туркмении Гурбангулы Бердымухамедов. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2021
Жазылу
Түркия басылымдары Ердоған мен Бердымұхамедовтың бірге түскен фотоларын жариялады. Түрікменстан президентінің әйелі Огулгерек Бердымұхамедова да суретке түскен 

НҰР-СҰЛТАН, 28 қараша – Sputnik. Түрікменстан президенті Гурбангулы Бердымұхамедов пен Түркия басшысы Реджеп Тайып Ердоған Ашхабадта кездесті, деп хабарлады Centralasia.media порталы. 

Реджеп Ердоған Түрікменстанға Экономикалық ынтымақтастық ұйымына мүше мемлекет басшыларының саммитіне қатысу үшін келген. Онымен бірге әйелі Әмине Ердоған да жүр.

Түркия басылымдары Ердоған мен Бердымұхамедовтың бірге түскен фотоларын жариялады. Түрікменстан президентінің әйелі Огулгерек Бердымұхамедова да суретке түскен. Ол ресми түрде алғаш рет фотоға түсіп отыр.

© Photo : Сайт CentralAsiaСМИ впервые опубликовали фото первой леди Туркменистана Огулгерек Бердымухамедовой
Түрікменстан президенті алғаш рет әйелімен бірге фотоға түсті - Sputnik Қазақстан, 1920, 29.11.2021
СМИ впервые опубликовали фото первой леди Туркменистана Огулгерек Бердымухамедовой

Ал түрікмен бұқаралық ақпарат құралдары Бердымұхамедованың фотосын жариялаған жоқ. Осы елдің тілшілері ресми банкеттен телерепортаж берген. Сол кезде елдің бірінші ханымы камераға түсіп қалған. Бірақ оператор оны ұзақ көрсеткен жоқ.

Айта кетері, елдің телеарналары Гурбангулы Бердымұхамедовты балалары мен немерелерінің арасында жиі көрсетіп тұрады. Ал оның жұбайы ылғи кадрдан тыс қалған.

Оқи отырыңыз: Ажырасқан: Ақорда Тоқаевтың өмірбаянын жариялады 

Жаңалықтар
0