Әлем

АҚШ-та 5 жастан асқан балаларға коронавирусқа қарсы екпе салынады

CC0 / educadormarcossv / Девочка в защитной маске
Девочка в защитной маске  - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.11.2021
Жазылу
Ата-аналарға балаларға Pfizer/BioNTech вакцинасының екі дозасын салуға кеңес беріліп отыр. Қазір басқа ауруларға қарағанда балалардың коронавирус жұқтыру қаупі жоғары болып отыр

НҰР-СҰЛТАН, 3 қараша — Sputnik. АҚШ 5 пен 11 жас аралығындағы балаларға коронавирусқа қарсы Pfizer/BioNTech препаратын салуға рұқсат берді. Ауруларды бақылау және алдын алу орталығы (CDC) осындай шешім қабылдады, деп жазды Deutsche Welle.

CDC директоры Рошель Валенски америкалық реттеуші мекемелер дәрілік препараттарды жіті тексергеннен кейін осындай шешімге келгенін жеткізді.

"Біз миллиондаған ата-ана өз балаларына екпе салдыруды қалайтынын білеміз. Енді осы шешімнің арқасында шамамен 28 миллион балаға коронавирусқа қарсы вакцина алуға кеңес береміз", - деп жазылған Валенскидің мәлімдемесінде.

Оның айтуынша, басқа ауруларға қарағанда балалардың коронавирус жұқтыру қаупі қазір жоғары болып отыр.

"Жақында ғана "Дельта" үнді штамынан туындаған кезекті толқын кезінде АҚШ-та балалардың ауруханаға түсуі жиілеп кетті. Сондықтан бұл вирустың балаларға төндіріп отырған қаупі жоғары деген шешімге келдік", - деп түйіндеді Валенски.

Басылым жазғандай, АҚШ ауруларды бақылау және алдын алу орталығының комиссия мүшелері балаларға Pfizer/BioNTech препаратының екі дозасын салдыру туралы бірауыздан шешім қабылдады.

Әрбір бала үшін вакцинаның бір дозасы ересектерге тағайындалатын дозаның үштен бір бөлігін құрайды. Дозалар үш апта аралықпен салынады.

Жаңалықтар
0