Әлем

Түркияда жоғалып кеткен қазақстандық табылды

© Photo : СС0 / bsulunhatТурция
Турция  - Sputnik Қазақстан, 1920, 01.11.2021
Жазылу
Түркияның құқық қорғау органдарына азаматты іздеу туралы өтініш жасалды. Белсенді азаматтардың бастауымен әлеуметтік желіде іздестіру науқаны жүргізілді

АЛМАТЫ, 1 қараша — Sputnik. Қазақстандық Түркиядан елге оралатын рейсін өткізіп алып, жақындарымен байланысқа шықпаған. Қазақстан елшілігі араласып, ер адамның Түркияның Қожаелі провинциясындағы полиция бөлімшелерінің бірінде екені анықталды, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Қазақстанның бас консулдығының ақпаратына сәйкес, 25 қазанда Қазақстанға қайтуға тиіс болған Әділет Кеңесхан атты Қазақстан азаматы белгісіз себеппен рейсін өткізіп алған. Ата-анасымен байланысқа шыққанда өзінің қайда екенін айта алмай, сөйлеу мәнерінде өзгеріс байқалған. Ол соңғы рет жақындарымен 28 қазанда байланысқа шығып, содан кейін байланыс үзілген.

Артынша елшілік қазақстандық азаматтың жақындарымен байланыс орнатқан.

"Анасының Әділет Кеңесханды іздестіру туралы өтініш білдіруіне байланысты шұғыл түрде Түркияның сыртқы істер министрлігіне іздеу салу туралы нота жолданды. Түркияның құқық қорғау органдарына азаматты іздеу туралы өтініш жасалды. Белсенді азаматтардың бастауымен әлеуметтік желіде іздестіру науқаны жүргізілді", - делінген Қазақстан бас консулдығы жариялаған ақпаратта.

Нәтижесінде 30 қазанда азаматтың Қожаелі провинциясындағы полиция бөлімшелерінің бірінде екені анықталды. Қазақстаннан келген анасы 30 қазанда ұлын сол жерден алып кетті. Олар енді Қазақстанға оралуға дайындалып жатыр.

Қазақстанның Түркиядағы елшісі шетелге ұзақ мерзімге келген қазақстандықтарға кеңес берді.

"Түркияға келгенде біздің азаматтар кейде елшілік пен бас консулдықтан қашқақтап жүреді. Бастарына қиын жағдай келгенде біз оларды іздеп әлек боламыз. Бөтен елге ұзақ мерзімге келген соң "мен келдім, байланыс телефондарым осы, мен болмасам мына кісіге хабарласыңыз" деп, қайтар кезде "мен қайттым" деп бір хабар беріп қою қажет-ақ. Байланысымыз үзілмесін ағайын!", - деп жазды Сапарбекұлы.

Жаңалықтар
0