Әлем

Әйелдің құлағынан тірі өрмекші табылды – үрейлі видео

CC0 / pixabay.com / өрмекші
өрмекші - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.10.2021
Жазылу
Ол бірнеше уақыт бойы бұл қолайсыздыққа мән бермей, ауырсыну басылады деп үміттенген

НҰР-СҰЛТАН, 28 қазан — Sputnik. Қытайдағы Чжучжоу қаласында (Хунань провинциясы) дәрігер өз науқасының құлағынан өрмекші тапқан.

Әйел ұйқыға жатар алдында құлағындағы жайсыздықты сезінген, деп жазды Лента.ру.

Ол бірнеше уақыт бойы бұл қолайсыздыққа мән бермей, ауырсыну басылады деп үміттенген. Алайда оның жағдайы жақсармаған. Түні бойы оның құлағы ауырып, қатты қышыған. Оның үстіне, әйелге бөтен дыбыстар естілген.

Ол таңертең медицина маманының көмегіне жүгінген. Тексеру барысында дәрігер науқастың құлақ қуысында өрмекші жүргенін анықтаған.

Дәрігер буын аяқты құлақ жарғағының бетінде өрмелеп жүргенін көрген. Мән-жайды мұқият анықтау үшін ол есту органдарының ауруларын зерттеуге арналған аспап – отоскопты қолданған.

Нәтижесінде, дәрігер науқас құлағындағы өрмекшіні алып шықты.

Оқи отырыңыз:

Жаңалықтар
0