НҰР-СҰЛТАН, 25 қазан – Sputnik. Мәскеуде көпшілікке "Бриллиантовая рука" фильміндегі рөлі арқылы танылған әртіс Светлана Светличная жоғалып кетті. Полицияға әйелдің туыстары арызданған, деп жазады "Московский Комсомолец".
Ұлының айтуынша, анасынан 21 қазаннан бері еш хабар жоқ. Сондай-ақ, жексенбі таңертең 81 жастағы әртістің туысы да полициядан көмек сұрады.
Қарт әртіс Погонный өткеліндегі пәтерден де табылмады. БАҚ мәліметінше, әртіс қатты ауырады: түсірілім кезінде оның үстіне софит құлаған, содан кейін ақыл-ес кемдігі белгілері байқала бастады. Бұл да жағдайды қиындатып отыр.
Қазір әртісті белсенді іздеу жұмыстары жүріп жатыр.
РКФСР еңбек сіңірген әртісі Светлана Светличная 1940 жылы 15 мамырда Арменияда туған. "Бриллиантовая рука", "Семнадцать мгновений весны", "Место встречи изменить нельзя" және басқа фильмдерге түсті. Әртіс көптеген танымал кеңес режиссерлерімен жұмыс істеген: Григорий Александров, Станислав Ростоцкий, Марлен Хуциев, Юлий Файт, Татьяна Лиознова, Георгий Данелия, Эдмонд Кеосаян, Станислав Говорухин.
Оқи отырыңыз: