Әлем

Албанияда ресейлік туристер түсініксіз жағдайда көз жұмды

© Sputnik / Александр Гальперин / Медиабанкке өтуСауна
Сауна - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.10.2021
Жазылу
Жергілікті БАҚ болған оқиғаға қатысты бірнеше ресми емес болжам жариялап, қайғылы жағдайда бассейнге арналған хлормен улану, тамақтан улану себеп болуы мүмкін дейді

НҰР-СҰЛТАН, 18 қазан — Sputnik. Ресейдің Албаниядағы елшілігі елде төрт ресейлік туристің қайтыс болғанын растады. Мәскеу ресейліктердің өлімі мұқият тергеледі деген сенімде, деп мәлімдеді Ресейдің сыртқы істер министрлігі.

"Ресейдің Албаниядағы елшілігі қонақ үйде ресейлік төрт азаматтың (Наталия Буренкова, Сергей Буренков, Екатерина Буренкова және Никита Белоусов) қайтыс болғанын растайды", - деп жазды ведомство өзінің Telegram-арнасында.

Елшіліктің консулдық бөлімі елдегі құқық қорғау органдарымен тығыз байланыс орнатып, оқиғаның мән-жайын анықтап жатқаны айтылды.

"Албан тарапы ресейліктердің өлімінің себебін анықтау бойынша жіті тергеу жүргізеді деп сенеміз. Қайтыс болғандардың туыстарына хабар берілді. Мәйіттерді отанына репартациялау жүзеге асырылады", - деді министрлік.

Ресейдің Албаниядағы елшілігі жергілікті БАҚ-та хлормен улану ықтималдығы туралы ақпарат пайда болуына байланысты Ресей азаматтарының мерт болуына қатысты расталмаған мәлімет таратуға жол бермеуге шақырды, деп жазды РИА Новости ресейлік дипломатиялық өкілдікке сілтеме жасап.

"Елшілік жергілікті БАҚ-та ресейлік туристердің мерт болуына қатысты түрлі ақпараттың пайда болуына байланысты расталмаған мәлімет таратуға жол бермеуді сұраймыз. Мұның барлығы албан журналистерінің ойдан шығарған деректері. Тергеу сараптамасының қорытындысын күтуге шақырамыз", - деді дипломатиялық өкілдікте.

Ресейлік дипломаттар Албаниядағы туристер мас немесе есірткі ықпалында болғаны туралы ақпарат ар-намысқа тиетінін және ешқандай негізі жоқ екенін ескертті.

15 қазанда кешке Албанияның Кавая округіндегі Керрет ауылында орналасқан Gloria қонақ үйінің саунасында төрт Ресей азаматының мәйіті табылды. Алдын ала мәлімет бойынша өлімге тұншығу себеп болған. Жергілікті БАҚ қайғылы жағдайға бассейнге арналған хлормен улану, тамақтан улану себеп болуы мүмкін деген расталмаған болжам таратты.

Оқи отырыңыз: 

Мысырға саяхаттап барған туристің жүрегі мен бүйрегі ұрланды

БАҚ: қазақстандық туристің денесі Таиланд отелінен табылды

Жаңалықтар
0