Әлем

Қытай жаңа "Х вирусы" пайда болатынын айтты

© Sputnik / Константин Михальчевский / Медиабанкке өтуВрач в защитном костюме идет по коридору больницы с коронавирусом
Врач в защитном костюме идет по коридору больницы с коронавирусом - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.10.2021
Жазылу
"Қоғамдағы ғылым мен технологиялар" форумы сенбіде коронавирустың таралуына байланысты онлайн форматта басталды. Пандемияға дейін ол Жапонияның Киото қаласында өткен

АЛМАТЫ, 4 қазан – Sputnik. Қытайдың ауруларды бақылау және алдын алу орталығының басшысы Гао Фу қоғамдағы халықаралық ғылым және технологиялар форумында адамзат болашақта жаңа вируспен бетпе-бет келетінін айтты. Сондай-ақ оған қарсы шара қабылдау мақсатында өзара іс-қимыл жолын ұсынды, деп хабарлады РИА Новости.

"Әлем коронавирус пандемиясымен ғана емес, сондай-ақ өзекті және жалған ақпарат араласқан кезде пайда болатын инфодемия сияқты бірқатар басқа мәселемен бетпе-бет келді. Бұл көптеген қауесет пен проблемаларды тудырып, оларды да шешу керек болады", - деді маман.

Гао Фу болашақта әлем міндетті түрде Х вирусына тап болатынын, оның әлі қандай ауру екені белгісіз екенін айтты. Оның сөзінше, вирус кез келген жерде және кез келген уақытта пайда болуы мүмкін.

"Адамзат болашағы үшін мәселені бірге шешу керек. Осыған байланысты мен "төрт C қағидатын" ұсынамын: ынтымақтастық (cooperation), бәсекелестік (competition), қарым-қатынас немесе ақпарат алмасу (communication) және үйлестіру (coordination)", - дейді сарапшы.

Жоғарыда аталған қағидаттардың ішінен ол ақпарат алмасуды ерекше атап өтті. Себебі Қытай тарапынан ашық ақпарат беру ғалымдарға қысқа мерзімде коронавирусқа қарсы вакцина жасауға кірісуге мүмкіндік берді.

Айта кетері, "қоғамдағы ғылым мен технологиялар" форумы сенбіде коронавирустың таралуына байланысты онлайн форматта басталды. Пандемияға дейін ол Жапонияның Киото қаласында өтті. Форумға жыл сайын үкімет өкілдері, әр елдегі компания және ғылыми орталық басшылары қатысады.

Оқи отырыңыз: 

Жаңалықтар
0