Әлем

Танымал әннің авторы рэкеттік әрекет бойынша сотқа тартылды

© AP Photo / Amr AlfikyМузыкант R Kelly
Музыкант R Kelly - Sputnik Қазақстан, 1920, 28.09.2021
Жазылу
Сотта әншіге қарсы 11 айыптаушы мен 45 куәгер сөз сөйледі. Кейбір айыптау тоқсаныншы жылдарға тиесілі

АЛМАТЫ, 28 қыркүйек – Sputnik. АҚШ-та танымал R&B орындаушысы Ар Келли (R.Kelly) рэкеттік әрекет, бопсалау және әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздарды жыныстық қатынасқа тарту бойынша кінәлі деп танылды.

54 жастағы әншінің шын аты – Роберт Сильвестер Келли. БАҚ оған қатысты сот ісін "MeToo (кинорежиссер Харви Вайнштейннің жанжалы мен айыптауларынан кейін туындаған жыныстық зорлық-зомбылық пен қудалауға қарсы қозғалыс – Sputnik) дәуіріндегі музыка индустриясындағы ең шулы сот процесі" деп атады.

"Ар Келлиге қатысты сот Нью-Йоркте өтті. Оған тоғыз тармақ бойынша айып тағылды. Оның ішінде әйелдер мен кәмелетке толмаған қыздарды заңсыз жыныстық әрекеттерге мәжбүрлеу және тасымалдау, рэкеттік әрекет, парақорлық, күштеп еңбекке салу бар", - деп хабарлады The Wall Street Journal.

Сотта әншіге қарсы 11 айыптаушы мен 45 куәгер сөз сөйледі, қорғау тарапында тек бес куәгер болды. Кейбір айыптау тоқсаныншы жылдарға тиесілі.

Басылымның хабарлауынша, үкім кезінде Ар Келли сот шешімін үнсіз қабылдап, жауап бермеген.

Әншіге шешуші сот үкімі 2022 жылдың мамырында шығады. Оған дейін ол түрмеде отырады.

Келлидің заңгерлері қабылданған шешімге көңілі толмағанын айтты. Әншіге тағылған айып бойынша ол 10 жылдан өмір бойына дейінгі аралыққа бас бостандығынан айырылуы мүмкін.

Айта кетері, 2008 жылы сот музыкантты балалар порнографиясы ісі бойынша ақтады.

Wall Street Journal қазіргі шешім қоғамның зорлық-зомбылыққа деген көзқарастары өзгергенін, соған байланысты ол енді музыка индустриясының бір бөлігі саналмайтынын айғақтайтынын жазды.

Ар Келли – ритм-н-блюз стиліндегі америкалық музыкант, R&B, әнші, продюсер. Үш Грэмми сыйлығының иегері. I believe I Can Fly хитін орындаушы ретінде танымал.

Оқи отырыңыз: Ирландияда "ауырсынуды басатын" ән шықты

Жаңалықтар
0