Әлем

Ауғанстандағы жағдай кезінде демалысқа шыққан министр қызметінен босатылды

© Sputnik / Владислав ВодневПортфель чиновника, архивное фото
Портфель чиновника, архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 16.09.2021
Жазылу
Ол Ауғанстандағы аудармашыларды эвакуациялау мәселесін көмекшісіне тапсырып, өзі сол уақытта бес жұлдызды қонақүйде демалған

АЛМАТЫ, 16 қыркүйек – Sputnik. Ұлыбританияның сыртқы істер министрі Доминик Рааб Ауғанстандағы жағдай кезінде еңбек демалысында болғаны үшін қызметінен босатылды, деп хабарлады РИА Новости.

Британдық БАҚ Раабтың Ауғанстандағы аудармашыларды эвакуациялау мәселесін көмекшісіне тапсырғанын, ал өзі сол уақытта Криттегі бес жұлдызды қонақүйде демалғанын жазды. Ол жұмысына 16 тамызда оралған.

Енді оның орнына халықаралық сауда министрі Лиз Трасс келді. Бұл ауыс-түйісті премьер-министр Борис Джонсонның кеңсесі хабарлады.

Ал Рааб вице-премьер және әділет министрі болып тағайындалды.

Трасс – Ұлыбританияда сыртқы істер министрі қызметіне тағайындалған екінші әйел. Ол 1975 жылы дүниеге келген, Оксфорд университетінің Мертон колледжін бітірген.

16 тамызға қараған түні Талибан* Ауған астанасы – Кабул қаласы бақылауға алынғанын және соғыс тоқтағанын мәлімдеді. Олар Ауғанстанның бүкіл аумағын, тіпті президент сарайын бақылауға алды.

*Талибан – Ауғанстандағы билікті басып алған діни экстремистік ұйым. Оған Қазақстанда, Ресейде және басқа да бірқатар елде тыйым салынған.

Жаңалықтар
0