09:14 27 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD423.91
  • EUR497.37
  • RUB5.82
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
37 0 0

Мәскеуде Путин мен Лукашенко келген келісімнен кейін кеше Минскіде премьерлер жиырма сегіз одақтас бағдарламаны жүзеге асыру бойынша қаулыға қол қойды

НҰР-СҰЛТАН, 13 қыркүйек - Sputnik. Лукашенко билікте болған шақта Беларусьті Ресейге қосу жүзеге аспайды. Себебі ол дербес мемлекет қайраткері. 90-шы жылдары одақ ыдыраған шақта Лукашенко Одақтас мемлекеттің құрылуына бастамашы болды.

Ресей мен Беларусь бірлігі бұрынғыдан берік бола түсті. Мәскеуде Путин мен Лукашенко келген келісімнен кейін кеше Минскіде премьерлер жиырма сегіз одақтас бағдарламаны жүзеге асыру бойынша қаулыға қол қойды. Бұл бағдарламалар экономикканың түрлі саласында екі ел заңнамасын унификациялауға бағытталған, деп жазды РИА Новости.

Бірыңғай экономикалық кеңістік құру жаңа деңгейге шықты. Бірақ президенттер жасаған маңызды қадам тек Ресей мен Беларуське ғана емес, жалпы посткеңестік кеңістіктегі интеграция процестері үшін де маңызды болады.

Бұл туралы Александр Лукашенко де айтты:

"Біз ЕАЭО мен ТМД-ға қарай жылжудың үлгісін көрсетіп отырмыз. Біз бульдозер секілді алда жүріп, посткеңестік кеңістіктегі басқа бірлестіктер мен одақтар үшін жол ашып жатырмыз. Одақ – бұл үлгі, әлдеқайда тығыз одақтастыққа үміт артқан мемлекеттер жүретін жол болады".

Әзірге Еуразиялық одаққа бес мемлекет Ресей және Беларусьпен қатар Қазақстан, Қырғызстан мен Армения ғана кіреді. Бірақ оған ерте ме, кеш пе Тәжікстан, Өзбекстан, ең бастысы Украина қосылады. Басқа бұрынғы кеңестік республикалар үшін де есік жабық емес. Сондықтан интеграцияға бағыт алуда.

Беларусь интеграциясы осының айқын дәлелі болып отыр. Беларусь ішкі саяси проблемаларды сылтау еткісі келген Батыс тарапынан өз тәуелсіздігіне төнген қауіпті сезінгенде интеграция үдей түсті. Бір жыл бұрын бәзбіреулер Лукашенконың биліктен кетіп, оның Батысқа өтуін болжаған шақта, олар Ресейге Беларусьті өзіне "тартып алуға" кеңес берді. Бірақ Ресейде қағазда емес, іс жүзінде құрылған Одақтас мемлекет бар.

Ресей мен Беларусь – жай ғана одақтас емес, олар бірыңғай мемлекеттің бір бөлігі. Иә, онда ортақ президент пен валюта жоқ. Бірақ тарихи және рухани бірлікті мойындау, әскери одақ пен ортақ экономикалық кеңістік бар. Сонымен қатар бұл ықпалдастықты одан әрі нығайтуға деген берік ұстаным бар.

Сонда саяси интергация жайы не болмақ? Бәрі сонымен аяқталуы керек емес пе? Иә, солай болады. Бірақ оның межелі күні маңызды емес. Лукашенко дұрыс айтты:

"Егер бізге әлдеқайда тығыз әскери, саяси немесе басқа бағыт бойынша интеграция қажет болса, онда Ресей мен Беларусьтегі адамдардың сұранысын сезген кезде, біз мұны бір-ақ сәтте орындаймыз".

Бұл Ресей мен Беларусьтің байланысын үземін деп көз тіккендерге ескерту екені белгілі. Сондай-ақ екі елдің қарым-қатынасы тек екеуіне байланысты екенін де аңғарту болып отыр. 

Лукашенко билікте болған шақта Беларусьті Ресейге қосу жүзеге аспайды. Себебі ол дербес мемлекет қайраткері. 90-шы жылдары одақ ыдыраған шақта Лукашенко Одақтас мемлекеттің құрылуына бастамашы болды. Яғни ол барлық кезде бірлікті қалады. Сондықтан бұл екі елдің одан әрі интеграциясына еш кедергі мен күмән жоқ. Алайда бір мемлекет боп бірігу Ресейге де, Беларуське де қажет емес.

Бұрынғы кеңестік республикаларға, соның ішінде Еуразиялық интеграцияға мүше мемлекеттерге Ресей басқа елдің мүддесі мен құқығын, тәуелсіздігін құрметтейтінін көрсеткісі келеді. Ешкімге бөтен идеология мен нормалар міндеттелмейді.

Бұл интеграцияның барлығы өңірдегі мемлекеттердің, халықтың болашағы мен игілігі үшін жасалып жатыр.

Загрузка...

Басты тақырып