Әлем

Ер адам зейнетақы алып отыру үшін анасының денесін бір жыл бойы жасырған

© pixabay / Sabine van ErpАрхивтегі сурет
Архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.09.2021
Жазылу
Осы уақыт ішінде ер адам жәрдемақы түрінде 50 мың еуроға жуық ақша алған. Анасының мәйітін жертөледе сақтаған

НҰР-СҰЛТАН, 11 қыркүйек – Sputnik. Австрия полициясы бір жылдан астам уақыт марқұм анасының денесін жертөледе жасырған ер адамның қылмысын әшкереледі.

Қылмыс кездейсоқ ашылған. Жаңа пошташы қарт әйелге жәрдемақы беруге келген, алайда оны көре алмағандықтан, көңіліне күмән ұялапты.

Австриялық полицейлердің айтуынша, ақыл-есі кем 89 жастағы әйел былтыр маусым айында қайтыс болған. Сол кезде оның 66 жастағы ұлы анасының мәйітін жертөлеге жасырып, иіс шықпас үшін мұз салынған пакеттер мен дәкені пайдаланған, деп хабарлайды BBC News.

Алдын ала мәлімет бойынша осы уақыт ішінде оның ұлы төлем түрінде заңсыз 50 000 еуроға жуық ақша алған.

Тағы оқыңыз: Алматы маңында әйел анасын өлтіріп, мәйітін үйдің жертөлесіне жасырған

Басылымның ақпаратынша, ер адам кінәсін мойындады. Ол марқұмды жерлеуге ақшасы болмағандықтан, осындай қадамға барғанын айтып ақталды. Ал өз бауырына анасы ауруханада емделіп жатқанын және ешкімді танымайтынын айтқан.

Жаңалықтар
0