Әлем

Әлемдегі ең үлкен ауыз: Гиннесс кітабына енген әйел өмірі туралы айтып берді

CC0 / Tumisu / Рот
Рот - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.09.2021
Жазылу
Оның аузының ұзындығы - 6,52 сантиметр. Қазір ол танымал блогерге айналды. Алайда мектепте буллингке ұшыраған

АЛМАТЫ, 4 қыркүйек — Sputnik. АҚШ тұрғыны Саманта Рамсделл жазда Гиннесс рекордтар кітабына енді. Ол әлемдегі ең үлкен ауызға ие.

The Sun басылымының жазуынша, 31 жастағы америкалық мектеп кезінде құрдастарынан әрдайым жағымсыз сөздер естіген.

"Мен өзімнің кемшілігімді жақсы жағынан қолдана білдім. Ешқашан осылай болатынын ойлаған емеспін", - деп жазды ол.

Саманта танымал блогерге айналды. TikTok-та 1,9 миллион адам жазылған.

@samramsdell5

On this weeks journey to find the biggest and best sandwiches… I mixed it up a bit and went to Russo’s to try their infamous PIZZARITTO SANDWICH 😵

♬ original sound - samramsdell5

Бойжеткен аузының ұзындығы - 6,52 сантиметр.

Жаңалықтар
0