Әлем

"Сүлеймен сұлтан" сериалында ойнаған актриса қайтыс болды

© Sputnik / Владислав ВодневСвеча
Свеча - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
Жазылу
Ол Қазақстанда "Сүлеймен сұлтан" сериалы көрсетіле бастаған кезде танымал болған еді

НҰР-СҰЛТАН, 11 тамыз — Sputnik. Түркиялық актриса Сабина Тозия 75 жасына қараған шағында көз жұмды.

Бұл туралы Хюррем-сұлтан рөлін сомдаған Мерием Өзерли жазды, деп хабарлайды РИА Новости

"Мен сені жақсы көремін. Біз үш керемет жобада бірге жұмыс істедік. Кеше сен өмірден оздың. Жүрегім қайғыдан жарылып кететіндей", - деп жазды ол.

© Photo"Жүрегім қайғыдан жарылып кететіндей", - деп жазды Өзерли
Сүлеймен сұлтан сериалында ойнаған актриса қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
"Жүрегім қайғыдан жарылып кететіндей", - деп жазды Өзерли

Өлімнің себебі нақты айтылған жоқ. 2021 жылдың басында актрисаға ми ісігі диагнозы қойылғаны белгілі. 

Оған сәтті ота жасалды. Алайда денесінің кей бөлігі сал болып қалды.

© Youtube / Скриншот кадра из сериала "Великолепный век" "Сүлеймен сұлтан" сериалында Афифе-Хатун рөлін сомдады
Сүлеймен сұлтан сериалында ойнаған актриса қайтыс болды - Sputnik Қазақстан, 1920, 11.08.2021
"Сүлеймен сұлтан" сериалында Афифе-Хатун рөлін сомдады

Сабина Тозия 1946 жылы 17 сәуірде Солтүстік Македонияның Скопье қаласында дүниеге келген.

2011-2014 жылдары көгілдір экранға шыққан "Сүлеймен сұлтан" сериалында Афифе-Хатун рөлін сомдады.

Жаңалықтар
0