Әлем

Сәуле Омарова АҚШ-та лауазымды қызметке ұсынылды

© Sputnik / Медиабанкке өтуГорода мира. Вашингтон
Города мира. Вашингтон - Sputnik Қазақстан, 1920, 06.08.2021
Жазылу
Джордж Буш кезінде Сәуле Омарова қаржы министрлігінің реттеу саясаты бойынша арнайы кеңесшісі болған. Davis Polk & Wardwell заңгерлік фирмасында бес жыл жұмыс істеп шықты

НҰР-СҰЛТАН, 6 тамыз – Sputnik. АҚШ қаржы министрлігі валюталық бақылау басқармасының басшысы қызметіне Қазақстан тумасы Сәуле Омарованың кандидатурасы қарастырылып жатыр, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан The New York Times газетіне сілтеме жасап.

Корнелл университетінің профессоры Сәуле Омарова өзінің ғылыми жұмысында криптовалютаның банк саласына қандай қауіп төндіретінін жан-жақты көрсетті. Осыдан кейін оны бас банк бақылаушысы қызметіне ұсынған. Қазіргі кезде Байденнің әкімшілігі жаңа үміткерді тексеріп жатыр.

Бұған дейін осы қызметке үміткер екі адам болған. Алайда Демократиялық партияның ішінде өзара тартыс басталды. Ақ үй екі кандидатурадан да бас тартып, профессор Сәуле Омаровны қарастыруға кірісті.

"Корнелл университеті заң факультетінің банк құқығы профессоры Сәуле Омарова валюталық бақылау басқармасының басшысы қызметіне ұсынылды. Егер сенаттың қолдауына ие болса, Уолл-стриттегі ірі банктер бұрынғы басшылармен болған жылы қарым-қатынасты күтпесе де болады", - дейді мақала авторы.

Осы жұмысқа жақын адамдар Омарованың кандидатурасын тексеру енді ғана басталғанын айтты. Жақын уақытта немесе келесі жылдың басында валюталық бақылау басқармасының басшысы қызметіне ұсынуы мүмкін. Одан кейін Сенаттың қолдауы қажет. Басқарма басшысын бес жылға тағайындайды.

Айта кетері, Джордж Буш кезінде Сәуле Омарова қаржы министрлігінің реттеу саясаты бойынша арнайы кеңесшісі болған. Davis Polk & Wardwell заңгерлік фирмасында бес жыл жұмыс істеп шықты.

Жаңалықтар
0