Әлем

Екі жолаушылар пойызы соқтығысты: қаза болғандар бар

© PhotoРельсы, иллюстративное фото
Рельсы, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 04.08.2021
Жазылу
Алдын ала мәлімет бойынша екі пойыздың соқтығысуына машинистің жолда жүру ережесін бұзуы себеп болған

АЛМАТЫ, 4 тамыз – Sputnik. Чехияның оңтүстік батысындағы Домаждице қаласының маңында екі жолаушылар пойызы соқтығысты. Алдын ала мәлімет бойынша екі адам қаза болды.

Хуалянь солтүстігіндегі рельстен шыққан пойыз жанындағы адамдар, Тайвань, 2021 жылғы 2 сәуір - Sputnik Қазақстан, 1920, 02.04.2021
Әлем
Тайваньда жолаушылар пойызы апатқа ұшырап, 40-қа жуық адам қаза болды
Ондаған адам жарақат алды, жеті адамның жағдайы ауыр, деп хабарлады РИА Новости.

Чехия көлік министрлігінің басшысы Карел Гавличектің айтуынша, пойыз машинисінің қызыл түстен өтіп кеткені соқтығысуға себеп болған.

"50-ге жуық адам жарақат алды. Жағдай күрделі. Оқиға орнына бара жатырмын", - деп хабарлады Гавличек.

Кей мәлімет бойынша 38 жолаушы жарақат алған. Оқиға орнында жедел қызмет жұмыс істеп жатыр. Үш медициналық тікұшақ, сондай-ақ полиция әуе кемесі тартылған.

Ол жерде Мюнхен - Прага экспресі (қозғалыс ережелерін бұзған) және Пльзень қаласынан шыққан жергілікті пойыз соқтығысқан.

Жаңалықтар
0