20:22 20 Қыркүйек 2021
Тікелей эфир
  • USD425.30
  • EUR501.05
  • RUB5.85
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
11902 0 0

Желіде әзілге айналған Олимпиада ауылындағы кереует сегіз адамды көтере алатын болып шықты, мұның алдында спортшылар оны антисекс төсек деп атаған

АЛМАТЫ, 28 шілде – Sputnik. Израиль спортшысы Бен Вангер Олимпиада ауылындағы кереуетті сындырды. Бейсбол ойыншысы ұзақ уақыт төсек үстінде секірген. Содан кейін оған ұлттық құраманың басқа спортшылары да қосылды, деп жазды New York Post. Салдарынан тоғыз спортшының салмағын көтере алмаған кереует сынды.

Спортшы TikTok платформасында видео жариялады. Ол жерде спортшылар Олимпиада ауылында төсек туралы көптеген сұрақ келіп жатқанын айтады.

"Сондықтан біз бүгін осы кереуетті сындыру үшін қанша израильдік қажет екенін тексеріп көреміз", - деп әзілдеді бейсбол ойыншысы видеода.

Спортшы ұзақ уақыт бойы төсекке жалғыз секіреді, содан кейін оның жанына Израиль құрамасының басқа өкілдері біртіндеп қосылған.

Бұған дейін Токиодағы Олимпиада ауылының менеджері Такэси Китадзима кереует тек бір адамды көтеретінін, сол себепті оның үстіне секіруге болмайтынын мәлімдеді.

Спортшылар төсекті әзілдеп "антисекс" деп атады.

Токиода 12 шілдеден бастап төртінші төтенше жағдай режимі енгізілді. Ол 22 тамызға дейін, олимпиада толық аяқталғанша жалғасады.

Кілт сөздер:
Токио Олимпиадасы, спортшылар
Загрузка...

Басты тақырып