НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Тәжікстан президентінің қарындасы қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан Telegram-каналы.
Курбонби Рахмонова 64 жаста еді. Алдын ала болжам бойынша оның өліміне коронавирус себеп болған.
Тәжікстан үкіметі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.
Тағы оқыңыз: Белгілі қазақстандық кардиохирург өмірден өтті
Бұған дейін Тәжікстан президенті жұбайының анасы, 88 жастағы Узбекби Асадуллоева 5 шілдеде коронавирус белгілері бар аурудан қайтыс болды.