Әлем

Тәжікстан президентінің қарындасы қайтыс болды

© Sputnik / Болат ШайхиновТәжікстан президенті Эмомали Рахмон
Тәжікстан президенті Эмомали Рахмон - Sputnik Қазақстан, 1920, 21.07.2021
Жазылу
Алдын ала болжам бойынша 64 жастағы Курбонби Рахмонова коронавирустан көз жұмған

НҰР-СҰЛТАН, 21 шілде – Sputnik. Тәжікстан президентінің қарындасы қайтыс болды, деп хабарлайды Sputnik Тәжікстан Telegram-каналы.

Курбонби Рахмонова 64 жаста еді. Алдын ала болжам бойынша оның өліміне коронавирус себеп болған.

Тәжікстан үкіметі марқұмның отбасы мен жақындарына көңіл айтты.

Тағы оқыңыз: Белгілі қазақстандық кардиохирург өмірден өтті

Бұған дейін Тәжікстан президенті жұбайының анасы, 88 жастағы Узбекби Асадуллоева 5 шілдеде коронавирус белгілері бар аурудан қайтыс болды.

Жаңалықтар
0