04:37 25 Шілде 2021
Тікелей эфир
  • USD424.68
  • EUR499.76
  • RUB5.77
Әлемде
Қысқа сілтеме алу
6938 0 0

Пышақпен қаруланған адам Ассими Гоитаның артынан пышақ ұрмақ болды, алайда басқа адам жарақат алды

НҰР-СҰЛТАН, 20 шілде – Sputnik. Малидің астанасы Бамако қаласындағы мешітте жас жігіт елдің уақытша президенті Ассими Гоитаны өлтіруге оқталды. Бұл туралы РИА Новости хабарлады.

Соңғы мәлімет бойынша қастандықты екі адам ұйымдастырған, біреуінің қолында пышақ болған.

Құрбан айт намазы кезінде болған оқиғаға Франс Пресс агенттігінің журналисі куә болды.

Мали басшысын оқиға орнынан алып кетті.  

"Имам уағыз айтып, дұға жасағаннан кейін жас жігіт Ассимидің арт жағынан пышақ ұрмақ болды, бірақ басқа адам жарақат алды", - деді мешіт басқарушысы Латюс Туре.

Малидегі әскери ақпарат көзі РИА Новостиге уақытша президентті өлтірмек болған екі адамның тұтқындалғанын хабарлады. Сондай-ақ дереккөз мемлекет басшысы ешқандай жарақат алмағанын растады.

Естеріңізге сала кетейік, Малиде әскерилер мамырдың соңында уақытша президент Ба Ндау мен елдің премьер-министрін тұтқындады. Кейінірек вице-президент Ассими Гоита президент пен премьер-министрді өтпелі кезең хартиясын бұзғаны үшін қызметінен босатқанын мәлімдеді. Гоита басқаратын әскери кеңес ел тізгінін өз қолына алып, келесі жылы Малиде президент және парламент сайлаулары өткізілетінін жариялады. Гоитаның өзі өтпелі кезең президенті болды.  

Загрузка...

Басты тақырып