Әлем

Германияда су тасқыны салдарынан қайтыс болғандар саны артты

© AFP 2024 / Christof StacheПара обнимаются, стоя среди обломков, в городе Бад-Нойенар-Арвайлер, Германия
Пара обнимаются, стоя среди обломков, в городе Бад-Нойенар-Арвайлер, Германия  - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2021
Жазылу
Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия канцлері Ангела Меркельге көңіл айтып, жеделхат жолдаған болатын

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. Германияда су тасқыны салдарынан қайтыс болғандар саны 156 адамға жетті.

Жергілікті БАҚ ақпаратына сәйкес, жексенбі, 18 шілде күні Кобленц полиция басқармасы Рейнланд-Пфальцта көз жұмғандар саны 12-ден 110-ға дейін жеткенін айтты.

Солтүстік Рейне - Вестфалиеде тағы 45 адам қайтыс болды. Берхтесгаденде кем дегенде бір адам көз жұмды, деп хабарлайды РИА Новости.

Германияда 14 шілдеге қараған түні болған толассыз нөсер жауын салдарынан бірқатар елдімекенді су басты. Электр желілері істен шықты. 

Сенбі, 17 шілде күні Жоғарғы Бавария әкімшілік округінде төтенше жағдай режимі жарияланды. 

Сенбіде су тасқынынан 670 адам зардап шеккені хабарланған еді. 

Қазақстан президенті Қасым-Жомарт Тоқаев Германия канцлері Ангела Меркельге көңіл айтып, жеделхат жолдады.

Жаңалықтар
0