Әлем

Үш басы бар сәби дүниеге келді – видео

© Photo : pixabay.comНожка младенца, иллюстративное фото
Ножка младенца, иллюстративное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 18.07.2021
Жазылу
Анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы. Олар ауруханадан шығарылып, үйлеріне келді. Алайда ерекшелігіне байланысты балаға деген қызығушылық артып кетті

НҰР-СҰЛТАН, 18 шілде — Sputnik. Үндістанның Уттар-Прадеш штатында үш басты сәби дүниеге келді. 

Баланың анасы жүктілікті қалыпты жағдайда өткізген. Сондықтан баланың бірден үш баспен тууы туыстары үшін күтпеген жағдай болды, деп жазады DailyStar.

БАҚ-та жарияланған суреттер мен видеода баланың "қалыпты" басына тағы екі бас қосылып тұрғанын көруге болады.

Анасы мен нәрестенің жағдайы жақсы. Олар ауруханадан шығарылып, үйлеріне келді. Алайда ерекшелігіне байланысты балаға деген қызығушылық артып кетті.

Жергілікті тұрғындар бұл Жердегі құдайдың белгісі деп санап, сәбиді көруге келе бастады. 

Дәрігерлер бұл құбылысты қалай түсіндіріп отырғаны белгісіз. 

Жаңалықтар
0