Әлем

Иракта ауруханадан өрт шығып, 54 адам көз жұмды

© Sputnik / Саид Царнаев / Медиабанкке өтуӨрт, архивтегі сурет
Өрт, архивтегі сурет - Sputnik Қазақстан, 1920, 13.07.2021
Жазылу
Алдын ала ақпарат бойынша ауруханадағы өртке оттегі баллонының жарылуы себеп болған

НҰР-СҰЛТАН, 13 шілде – Sputnik. Ирактың оңтүстігінде Ди-Кар провинциясындағы Эн-Насирия қаласында коронавирус жұқтырған науқастарға арналған ауруханадан өрт шықты. Қаза болғандар саны 54 адамға дейін жетті, деп хабарлайды РИА Новости.

Бұған дейін 38 адамның ажал құшқаны хабарланған еді.

Алдын ала ақпаратқа сүйенсек, ауруханадағы өрт оттегі баллонының жарылуынан болған. Өрт сөндірушілер тілсіз жауды ауыздықтады, бірақ кейбір науқастар әлі ауруханадан шыға алмай отыр.

Жергілікті БАҚ-тың мәліметінше, араб республикасының премьер-министрі Мустафа аль-Казыми трагедия орнына аттанды. Денсаулық сақтау департаменті провинцияда төтенше жағдай жариялады.

Қазір Ирактың оңтүстігінде аптап ыстық, сынап бағанасы күндіз көлеңкелі жерде 50 градусты көрсетеді.

Иракта коронавируспен ауыратындарға арналған ауруханада өрт алғаш рет болып отырған жоқ. Сәуір айының соңында Багдад қаласында "Ибн аль-Хатыб" ауруханасы өртеніп, 82 адам көз жұмды, тағы 11 адам жарақат алды.

Жаңалықтар
0