Әлем

Селфи жасамақшы болған: найзағай түскен 11 адам ажал құшты

© Sputnik / Владимир Астапкович / Медиабанкке өтуГроза в Москве
Гроза в Москве - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Жазылу
Найзағай түскен кезде бірнеше турист мұнарадан жерге секірген, жарақат алғандар бар

АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Үндістанның Джайпур қаласында 11 адам найзағай түсіп қайтыс болды, көптеген адам жарақат алды, деп хабарлады "Известия".

Адамдар жаңбыр жауып тұрған кезде танымал туристік орын саналатын 12 ғасыр мұрасына жататын Амбер-форт күзет мұнарасында суретке түскен. Оқиға болған кезде мұнара үстінде 27 адам болған. Найзағай түскен кезде кей адам мұнарадан жерге секіріп кеткен.

Қайғылы оқиға салдарынан 11 адам қайтыс болды, зардап шеккендер бар.

Оқи отырыңыз: Алматыға ұшқалы тұрған: Павлодарда ұшаққа найзағай түсті

Сонымен қатар жексенбі штаттың басқа елді мекендерінде найзағайдан тағы тоғыз адам қайтыс болды, деп хабарлады Би-Би-си. Басылым ақпаратына сәйкес, 2004 жылдан бастап Үндістанда шамамен 2 мың адам найзағай түсіп көз жұмған.

Жаңалықтар
0