Әлем

ЕУРО-2020 финалы: Лондонда 19 полицей жарақат алып, 49 жанкүйер ұсталды

© AFP 2024 / Tolga AkmenПолиция на улицах Лондона. Архивное фото
Полиция на улицах Лондона. Архивное фото - Sputnik Қазақстан, 1920, 12.07.2021
Жазылу
Жанкүйерлер сүйікті командасының жеңілісінен кейін тәртіпсіздіктер жасады. Олар от жағып, қоқыс жәшіктерін төңкеріп кеткен

АЛМАТЫ, 12 шілде – Sputnik. Лондон полициясы ЕУРО-2020 финалы күні жанкүйерлер тобымен болған қақтығыс кезінде 19 қызметкердің жаралағанын хабарлады.

Италия мен Англия құрамасы кездескен ЕУРО-2020 финалы жексенбіде Лондондағы "Уэмбли" стадионында өтті. Ойында Италия командасы пенальти арқылы 3:2 есебімен жеңіске жетті. Матчтың негізгі және қосымша уақыты 1:1 есебімен аяқталды.

"Өкінішке қарай біздің 19 офицер көпшілікпен қақтығыс кезінде зардап шекті", - делінген полиция хабарламасында.

Ойыннан кейін ұсталған жанкүйерлердің саны 49 адамға жетті. Сондай-ақ полиция ойын барысында өзін жақсы ұстаған ондаған мың жанкүйерге алғыс айтты.

Бұған дейін РИА Новости Англия құрамасының жанкүйерлері өз командасының жеңілісінен кейін от жағып, қоқыс жәшіктерін төңкеріп жатқанын хабарлады. Алайда Лондон орталығында елеулі тәртіпсіздіктер болмаған.

Лондон полициясы Еуро-2020 финалынан кейін футболшыларға қатысты әлеуметтік желілердегі нәсілшілдікке қатысты жайттарды тергейтінін айтты.

Оқи отырыңыз: Футболдан Еуропа чемпионаты: Италия құрамасы жеңіске жетті

БАҚ ақпаратына сәйкес, Англия құрамасының Маркус Рэшфорд, Джейдон Санчо және Букайо Сака есімді қара нәсілді үш ойыншысы қудалау нысаны болып отыр. Жанкүйерлер олардың пенальти кезінде турнирді жеңуге күш салмағанын айтып жатыр.

Жаңалықтар
0