Әлем

Белгілі әнші желідегі жазбасы үшін істі болды

CC0 / Oliver Menyhart / Документы
Документы - Sputnik Қазақстан, 1920, 03.07.2021
Жазылу
Әнші әлеуметтік желіде дағдарыстан шығудың жолын бірлесе іздеп, референдумға қол жеткізу керектігін айтқан

НҰР-СҰЛТАН, 3 шілде — Sputnik. Беларусь елінің бас прокуратурасы Александр Лукашенкоға "тіл тигізген" әнші, әртіс Анжелика Агурбашқа қатысты қылмыстық іс қозғады. Бұл туралы ол өзінің Instagram парақшасында жазды. 

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Анжелика Агурбаш (@angelicaagurbash)

"2020 жылдың тамызынан бері уайымсыз өткен бірде-бір күнім болмады. Күн сайын бітпейтін сот, қамауға алу, ақылға қонбайтын үкімдер, азаптау. Қазір ең тамаша адамдар түрмеде отыр. Енді бірі қудалаудан құтылу үшін елден кетуге мәжбүр", - деді ол.

Ол азаматтар өзін қауіпсіздікте сезіне алмай отырғанын жазды.

"Беларусь елінің бас прокуратурасы маған қатысты 130-баптың 3-бөлігі және 368-баптың 2-бөлігі бойынша қылмыстық іс қозғады. Іздеу жариялап, мені экстрадициялап, қамауға алуды талап етті", - деді Агурбаш.

Анжелика Агурбаш - беларусь және ресейлік әнші, модель, актриса, тележүргізуші, Беларусьтің еңбек сіңірген әртісі (2006). 1970 жылы Минск қаласында туған.

Жаңалықтар
0