Әлем

Индонезия президентінің баспасөз хатшысы Димашқа алғыс айтты

© Photo : Youtube//Dimash QudaibergenДимаш Кудайберген
Димаш Кудайберген  - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2021
Жазылу
Фаджрул Рахман өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында Димаштың орындауындағы "Late Autumn" әнінің видеосын жариялады

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. Индонезия президентінің баспасөз хатшысы қазақстандық әнші Димаш Құдайбергенге шығармашылығы үшін алғыс білдірді, деп хабарлайды Sputnik Қазақстан.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dr. M. Fadjroel Rachman (@fadjroelrachman)

24 маусымда Индонезия президентінің баспасөз хатшысы Фаджрул Рахман (Fadjroel Rachman) өзінің Instagram желісіндегі ресми парақшасында Димаштың орындауындағы "Late Autumn" ("Кеш келген күз") әнінің видеосын жариялаған.

"Димаш, аты аңызға айналған "Late Autumn" әні үшін көп рахмет! Бұл қазақстандық әнші Димаш Құдайбергеннің жоғары нотадағы орындауы. Бұл менің отаным туралы ән. Рахмет", - деп жазды Фаджрул Рахман.

Бұл туралы Димаш Құдайберген өзінің Instagram парақшасында да жазды.

Посмотреть эту публикацию в Instagram

Публикация от Dimash Kudaibergen (@kudaibergenov.dimash)

Айта кетейік, Димаш Құдайберген бұл әнді 2017 жылы Қытайда өткен "I am singer" байқауына қатысқан кезде орындады. Бұл байқауда Димаш екінші орынды алды. Содан бастап оны әлем тани бастады.

Жаңалықтар
0