Әлем

АҚШ-та 12 қабатты ғимарат құлады: қаза тапқандар бар

© Sputnik / Дархан МусинОбрушение жилого дома в поселке Шахан
Обрушение жилого дома в поселке Шахан - Sputnik Қазақстан, 1920, 25.06.2021
Жазылу
Мамандар үйінділер астында ондаған адам болуы мүмкін екенін айтады. Құтқару жұмыстары жалғасып жатыр

НҰР-СҰЛТАН, 25 маусым – Sputnik. АҚШ-тың Флорида штатындағы Майами-Дейд округінде 12 қабатты ғимарат құлады. Қайғылы оқиғадан бір адамның қаза тапқаны белгілі. 99 тұрғын із-түзсіз жоғалған.

Апат орнында құтқарушылар арнайы техникамен іздестіру жұмыстарын жалғастырып жатыр. Оған 80 өрт сөндіруші техника тартылды, деп хабарлады Хабар 24.

Мамандар үйінділер астында ондаған адам болуы мүмкін екенін айтады.

Ақпарат көздерінің хабарлауынша, 35 адам құтқарылды. Көбі дәрігердің көмегіне жүгінген. Әзірге ғимараттың ішінде нақты қанша адам болғаны белгісіз.

Қытайда көпқабатты үй құлап, адамдарды басып қалды – видео

Айта кетейік, опырылып түскен ғимаратта 100-ден астам пәтер болған. Жағалаудағы бұл апатқа не себеп болғаны әзірге белгісіз. 

"102 адамның аман қалғанын білеміз. Олардың нақты қайда екені белгілі. Әлі де 99 тұрғынды іздестіріп жатырмыз. Құтқару-іздестіру жұмыстары жалғасуда", - деді Майами-Дейд мэрі Даниэлла Левин Кава.

Жаңалықтар
0